Универсиада: Қазақстан 11-орында

Жазғы универсиаданың белгісі.

Оңтүстік Кореядағы Кванджу қаласында жазғы универсиада ойындары аяқталды.

Қазақстан құрамасы алты алтын, төрт қола медальмен жалпы есепте 11-орын алды. Жалпы есепте 47 алтын, 32 күміс, 29 қола медальмен Оңтүстік Корея жеңді.

Қазақстан жеңіл атлетикадан төрт, жүзу мен таэквондодан бір-бір алтын иеленді. Стенд ату атудан екі, дзю-до мен жүзуден бір-бір қола алды.

Жеңіл атлет Виктория Зябкина 100, 200 метрге жүгіруден және 4х100 метрлік эстафетада алтын алып, универсиаданың мультимедалистерінің қатарына енді.

Келесі жазғы универсиада 2017 жылы Тайпейде өтеді.