Ресей 158 мың өзбек азаматына елге кіруге рұқсат берді

Ресей елге келуге тыйым салынған 158 мың өзбек азаматына "көші-қон амнистиясын" жариялады. Енді бұл азаматтар Ресейге кіре алады. Бұл жөнінде Өзбекстанның Мәскеудегі елшілігі хабарлады.

Бұған қоса, Ресейге жұмыс істеуге барғысы келген Өзбекстанның 10 мың азаматы еңбек ету патентін өз елінен кетпей тұрып та рәсімдей алады.

Ресейден Өзбекстанға сот шешімімен депортацияланған азаматтарға рақымшылық жүрмейді.

Осының алдында Ресей билігі шетел жұмыс күші жетіспейтінін мәлімдеген. Бір ғана Мәскеу қаласына 200 мың еңбек мигранты керек. Астана мэрі Сергей Собянин еңбек мигранттарының Ресейден кетуі елдегі инфляцияға себеп болды деп есептейді.

Ресейдегі мигранттар федерациясының президенті Вадим Коженов Ресей Өзбекстанның 150 мың азаматына, Тәжікстанның 150 мың азаматына рақымшылық бергенін хабарлады. Рақымшылық Ресейден ІІМ шешімімен шығарылғандарға ғана жүреді, дейді Коженов.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Ресей Өзбекстаннан 10 мың жұмысшы алдырмақРесейге барған мигранттар "адалдық келісіміне" қол қоюға міндеттеледіЕңбек мигранттары Ресейден Қазақстанға ойысып жатырРесейде мигрант балаларды мектепке қабылдау бұрынғыдан да қиындады