Ақпарат құралдары "Путиннің қызы" деп атайтын "Инопрактика" қорының бас директоры Катерина Тихонова венчурлық қор құрады. Бұл жөнінде дереккөзге сүйенген РБК сайты хабарлады.
Ақпаратқа қарағанда, Тихонова өзінің орынбасары Наталья Поповамен бірге "Фонд технологических инвестиций" (Технологиялық инвестиция қоры) инвестициялық серіктестігін тіркеу жөнінде өтініш берген. Қор стартаптарға инвестиция салуға маманданады. "Инопрактика" әрбір жобаға шамамен үш миллион рубль қаражат салынатынын растады.
2021 жылы маусымда Петербургтегі экономика форумында сөз сөйлеген Тихонова озық технологияларға инвестиция салудың маңыздылығына тоқталған.
"Инопрактика" қорын 2012 жылы Мәскеу мемлекеттік университеті құрған. Ақпарат құралдары аталған университеттегі жасанды интеллектімен байланысты жобаларға Тихонова жетекшілік етуі мүмкін екенін жазған. Ол мемлекеттік телеарнада 2018 жылы желтоқсанда көрсетілген "Инопрактика" нейроорталықтың жұмысы жөнінде сюжетте алғаш рет көрінді.
Сюжетте адамның түпкі санасын мидағы сигналдар арқылы программалауға мүмкіндік беретін қор ойлап тапқан технология жөнінде айтылады.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
Путиннің құпия қыздары Петербургтегі форумға қатысты Путин мен Шойгудың қызы спорт жөніндегі үкімет кеңесінің құрамына кірдіПутиннің қызына тиесілі қор 488 миллион рубль табыс тапты Путинге "қатысы бар" әйелдер жайлы дерек шықтыПутиннің қызы және жас миллиардер жігіт