Ресейде коронавируспен байланысты адам өлімінің тағы рекордтық көрсеткіші тіркелді

Мәскеудегі метро станцияларының біріне залалсыздандырғыш дәрі шашып жүрген мамандар. Қараша айы, 2021 жыл.

13 қарашада Ресейдің коронавируспен күрес жөніндегі штаб өкілдері өткен тәулікте 1241 адамның вирустан көз жұмғанын хабарлады. Індет басталғалы бері мұндай жоғары көрсеткіш тіркелмеген. Оның алдында бір күн бұрын 1235 адам вирустан қайтыс болған.

Ресейде кір күнде 39 256 адамның анализінен коронавирус анықталған. Індет басталғалы бері коронавирус жұқтырғандар 9 миллионнан асты. Ресми мәлімет бойынша содан бері 254 мың адам коронавирустан қайтыс болған. Бұл Еуропадағы ең жоғары көрсеткіш.

Елде вирусты тежеу үшін қараша айының басында бір аптаға созылған шектеу шаралары енгізіліп, кәсіпорындар жабылған.

Вирустың күшеюіне вакциналау науқанының баяулығы, халықтың санитарлық ережелерді сақтамауы және үкіметтің шараларды қатайтуға ықылассыздығы себеп деп айтылады.

Былтыр коронавирусқа қарсы вакцинаны әлемде алғаш болып тіркеген 146 млн тұрғыны бар Ресейде халықтың 40 пайызға жуығы ковидке вакцинаның толық дозасын алған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

ДДСҰ: Еуропа мен Орталық Азия тағы да "коронавирус індеті ошағына айналды"Беларусь телеарнасы Лукашенконы індет кезінде "бункерге тығылған президенттермен" салыстырды Карантиннен шыққан Путин Сочиде Ердоғанмен кездестіРесейде індет басталғалы бері алғаш рет бір күнде мыңнан астам адам өлімі тіркелдіРесейлік институт "Спутник V" екпесін жасөспірімдерге егуге рұқсат сұрады