Талибан Душанбе мен Бішкекті "мәселені диалогпен шешуге" шақырды

Ауғанстан сыртқы істер министрлігінің ғимараты.

Ауғанстанда "Талибан" қозғалысының сыртқы істер министрлігі қырғыз-тәжік жанжалында құрбан болғандарға көңіл айтып, тараптарды "мәселені диалог арқылы шешуге" шақырды.

Мұндай мәлімет "Талибанның" ресми сайтында 1 қаңтарда жарияланды.

24 қаңтарда қырғыз-тәжік шекарасында болған қарулы қақтығыста екі адам қаза болып, он шақты адам жарақат алған. Қырғыз тарабынан 13 адам жараланды. Тәжік жағы екі адамның қаза болғанын, 10 адам жарақаттанғанын хабарлаған. Екі тарап бірін-бірі айыптады.

Тәжікстан мен Қырғызстанда "Талибан" қозғалысы экстремистік ұйымдардың тізіміне кірген. Алайда осыған дейін Қырғызстан өкілдері бірнеше рет Ауғанстанға батып, тәліптермен келіссөз жүргізіп қайтқан.

Былтыр 15 тамызда Ауғанстан билігін басып алған тәліптердің билігін әзірге бірде бір мемлекет танымады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Ауғанстаннан кеткен АҚШ-тың орнын аймақтағы алпауыттар баса ма?HRW: Душанбе Ауғанстандағы дағдарысты өз еліндегі адам құқығы мәселесіне назар аудартпас үшін пайдаланады20 жыл террорға қарсы соғысқан АҚШ неліктен "Әл-Қайданы" құрта алмады?"Талибан" Тәжікстанмен қарым-қатынасты жақсартуға дайын екенін мәлімдедіТәліптер ұйғыр жасағын Қытай шекарасынан шеттетті. Мұның астарында не жатыр?