Журналист Вадим Борейко банк шоттарының бұғатталғанын айтты

Қазақстандық журналист Вадим Борейко.

Қазақстандық журналист, YouTube-тегі "Гиперборей" арнасының авторы Вадим Борейко банк шоттарының бұғатталғанын мәлімдеді.

"Барлық шоттарым бұғатталды. Әзірге не үшін бұлай болғанын түсінер емеспін" деп жазды ол Facebook-те.

Істің мән-жайын анықтау үшін хабарласқан Азаттық тілшісіне Борейко шоттардың бұғатталғанын банк қосымшасын ашқан кезде байқағанын, сот орындаушыларына хабарласқанын айтты.

Вадим Борейко Қазақстан билігі туралы сыни хабар шығаратын тәуелсіз журналист ретінде танылған. Биыл ақпанда оның әлдекімдер оның Facebook пен Instagram-дағы аккаунттарын бұзған. Оның Instagram-дағы парақшасы былтыр қараша айында да бұғатталған. Журналистикада 40 жылдан астам уақыт еңбек етіп жүрген Борейко 2000 жылдары "Время", Forbes.kz, Ratel.kz басылымдарында жұмыс істеп, одан кейін YouTube платформасында "Гиперборей" арнасын ашқан.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Вадим Борейко: Журналист болуды редакцияда жүріп қана үйренуге болады

2023 жылғы қаңтарда белгісіз біреулер Борейконың үйінің есігіне желім жағып кеткен. Сол жылы ақпанда онымен жұмыс істеген оператордың екі көлігі жарылған.

Кейінгі жылда Қазақстанда тәуелсіз журналистер мен баспасөз құралдарының Facebook пен Instagram желілеріндегі парақшалары немесе ондағы жекелеген хабарлар жиі бұғатталып жүр. Бұғаттау туралы шешімге шағым түсірілгеннен кейін тексеру жүргізіліп, парақшалар мен ондағы контенттер қалпына келіп жатыр. Әлеуметтік желі шешімдеріне шағым түсіруге "Access Now" ұйымы көмектесіп жүр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Билікті сынайтын парақшалар жабылып қалды. Артында кім тұр?