ҚазТАГ-тың бас директоры мен бас редакторына үкім шықты. Оларға журналистикамен айналысуға шектеу қойылды

ҚазТАГ бас редакторы Әмір Қасенов.

ҚазТАГ ақпарат агенттінің бас директоры Әсет Матаевтың бас бостандығы үш жарым жылға шектелді. Оған үш жыл кәсіби және қоғамдық әрекеттермен араласуға тыйым салынды. Ал ҚазТАГ бас редакторы Әмір Қасеновтың бас бостандығы бір жыл үш айға шектелді. Оған бес жыл журналистік қызметпен айналысуға шектеу қойылды. Екеуі де рақымшылық актісіне сай, сот залынан босатылды. Бұл туралы Exclusive.kz және ҚазТАГ агенттігі хабарлады.

ҚазТАГ агенттігінің жазуынша, екеуі де сот үкіміне шағым түсірмек.

2025 жылы желтоқсанның басында Матаев пен Қасенов "көпе-көрінеу жалған ақпарат таратты" деген күдікке ілінген. Ақпарат агенттігінің үстінен бизнесмен Тимур Турлов басқаратын Freedom Finance компаниясы арыз түсірген. ҚазТАГ бұған дейін Freedom Finance компаниясындағы "алаяқтық схемалардан зардап шеккендер" жайлы деп бірнеше мақала мен видео жариялаған. Ал Freedom Finance жарияланған мақала мен видеолар шындыққа жанаспайды дейді. ҚазТАГ бұл істі өздеріне жасалған қысым деп санайды.

Әсет Матаев.

Көктемде Матаевқа "Көпе-көрінеу жалған ақпарат тарату" бабымен қозғалған іс тоқтатылған. Есесіне наурыздағы төбелестен кейін оған "Бұзақылық" бабымен іс қозғалды.

Ал Әмір Қасенов Тоқаевқа видеомәлімдемесінен кейін үйқамақтан абақтыға ауыстырылған еді.

Бұған дейін ҚазТАГ пен Freedom Finance ымыраға келе алмаған. Ақпаратқа қарағанда, шағым берушінің қойған шарттары арасында "жалған ақпарат таратқанын мойындау" туралы талап бар. Ақпарат агенттігі "компаниядан зардап шеккендердің" мәліметтері мен құжаттарына сүйенгенін материал жазғанын айтып, "жалған ақпарат таратты" деген айыппен келіспеген.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

ҚазТАГ редакторы Әмір Қасенов аштығын тоқтатты. Ол сотқа тікелей қатысуды қалайдыҚазТАГ-тың бас редакторы Әмір Қасенов ауруханаға жеткізілдіДенсаулық басқармасы: Әмір Қасенов амбулаторлық емдеуге жіберілдіСот Әмір Қасеновті үйқамақтан абақтыға ауыстырды. Ол аштық жариялайтынын айтқан