Қазақстан орталық сайлау комиссиясы алдағы мәслихат сайлауында әрбір кандидатқа республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат көлемін жариялады.
Облыстық мәслихаттар мен республикалық маңызы бар қалалардың мәслихатына депутат болуға үміткер ретінде тіркелген адамдарға 700 мың теңге қарастырылған. Оның ішінде 410 мың теңге теледидар мен радио арқылы бағдарламасын баяндауға және басылымдарда екі мақала жариялауға; 180 мың теңге үгіт-насихат материалдарына; 110 мың теңге көлік шығындарына бөлінеді.
Қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттарға 650 мың теңге (БАҚ-тағы насихатқа – 400 мың теңге, үгіт материалдарына 170 мың теңге және көлік шығындарына 80 мың теңге) беріледі.
Ал аудандық мәслихат кандидаттары 500 мың теңге алады. Оның ішінде бағдарламасын БАҚ арқылы жеткізуге 290 мың теңге, үгіт-насихат материалдарын әзірлеуге 130 мың теңге, көлік шығындарына 80 мың теңге белгіленген.
Your browser doesn’t support HTML5
Тоқаев депутаттарды таратты, сайлау жарияланды — AzatNEWS l 13.10.2026
29 қараша күні елде кезектен тыс мәслихат сайлауы өтеді.
Қазіргі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы бастаманы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 24 қыркүйек күні көтерген. Ол мұны түсіндірерде партиялық жүйедегі өзгерістерге сілтеді.
Мәслихат депутаттарының басым бөлігі бұрынғы Amanat партиясынан сайланған еді. Ширек ғасыр бойы елдегі негізгі билік партиясы болып келген ол ұйым 2026 жылдың көктемінде жаңадан құрылған "Әділет" партиясымен бірігу туралы шешім қабылдаған. Тоқаевтың айтуынша, заң бойынша тиісті рәсімдер аяқталғаннан кейін депутаттардың едәуір бөлігінің заңды мәртебесіне қатысты сұрақ туындайтын еді.
Мәслихат өкілеттігін тоқтату туралы президент жарлығы 12 қазанда шықты.
Дауыс беру кезінде 228 мәслихатта 3 447 депутатты сайлау жоспарланып отыр.