Алматы соты Александра Алёховаға жаза кесіп, журналистикамен айналысуына тыйым салды

Алмалы аудандық соты. Алматы, 11 маусым, 2026 жыл.

3 тамыз күні Алматы қаласының Алмалы аудандық соты журналист Александра Алёхованы Қылмыстық кодекстің 147-бабы ("Жеке деректерді тарату") бойынша кінәлі деп танып, үш жылға бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Алайда сот үкімнің орындалуын бес жылға, яғни 2031 жылға дейін кейінге қалдырды. Бұған қоса Алёховаға журналистік қызметпен айналысуына үш жылға тыйым салынды. Мұны журналист Жанна Байтелова хабарлады.

Сот үкімі жабық отырыста жарияланған.

Алёхованың үстінен қылмыстық іс 2022–2024 жылдары Алматыдағы "Кенжехан" базарындағы жалға алушылар мен меншік иелері арасындағы дау туралы жарияланған материалдарға байланысты қозғалған. Материалдарда жалға алушылардың құқығын қорғаған белсенділердің бірінің бұрын сотталғаны және полиция есебінде тұрғаны айтылған.

Қылмыстық іс 2022-2024 жылдар аралығында Алматыдағы "Кенжехан" базарының жалға алушылары мен иелері арасындағы дау-дамай туралы жарияланған материалдарға байланысты қозғалған. Материалдарда бөлшек сауда орнын жалға алған кәсіпкерлердің құқықтарын қорғаған белсенділердің бірі бұрын сотты болып, полицияда есепте тұрғаны айтылған.

Белсендінің арызы бойынша басталған тергеу әлгі мәліметтердің жариялануын жеке деректерді заңсыз тарату деп бағалаған. Ал журналисті қорғаушы тарап ол ақпараттың бәрі ашық сот базаларынан алынғанын алға тартқан.

2026 жылдың наурыз айында Алёхованы тергеу амалдарын жүргізу үшін полицияға шақыртып, мамыр айында ісі сотқа жолданған.

Қазақстандағы сөз еркіндігін қорғаумен айналысатын "Әділ сөз" қоры бұған дейін журналист Александар Алёхова базардағы дау жайлы материалында келтірген ақпарат бұрын полициядан деректер тарап кеткеннен кейін өзге бір Telegram-арнада жарияланғанын, алайда ол ақпаратты жария еткен полиция қызметкері де, сондай-ақ ақпаратты алғаш жариялаған Telegram-арнаның иесі де қылмыстық жауапқа тартылмағанын айтып, қазір енді сол үшін журналиске айып тағып, қудалауға салып жатқанына наразылық білдірген.

Алматылық журналист Александра Алёхова – төрт баланың анасы. Ол бұған дейін бірнеше республикалық басылымда қызмет атқарған. Бұл – Қазақстанда кейінгі кезде журналистердің үстінен қозғалған іс бойынша шыққан алғашқы үкім емес. Өткен аптада Алматы соты ҚазТАГ ақпарат агенттігінің бас директоры мен бас редакторының да бостандығын шектеп, екеуіне де журналистік қызметпен айналысуға бес жылға тыйым салған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

"Алаңдатарлық үрдіс". Қазақстан медиақауымдастығы журналист Азамат Омаровтың қамалғаны жайлы не дейді?