БАҚ: АҚШ пен Израиль Иранға құрлықтан экономикалық қысымды күшейту жайын талқылаған

АҚШ президенті Дональд Трамп (оң жақта) пен Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху. Ақ үй, Вашингтон, 28 шілде, 2026 жыл.

АҚШ пен Израиль Иранға экономикалық қысымды күшейту мақсатында оны құрлықтан құрсауға алуды ойластырып жатыр. The Telegraph басылымы жоғары лауазымды дереккөздерге сүйеніп осылай деп жазды.

Басылым мәліметінше, АҚШ президенті Дональд Трамп пен Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху жақында Ақ үйде кездескен кезде осы мәселені талқылаған. Дереккөздердің айтуынша, екі тарап бұған дейін Иранға қарсы жасаған күш қолдану шаралары күткендегідей нәтиже бермеген соң Тегеранға қысым жасаудың түрлі жолын қарастырған.

Талқыланып жатқан идея Иранның құрлық арқылы сыртқы сауда жүргізу мүмкіндігін шектеуді көздейді деп жазды The Telegraph. Ол үшін АҚШ пен Израильге Иранмен шектесетін мемлекеттерді шекарада бақылауды күшейтуге немесе кейбір өткізу бекеттерін жабуға көндіруге тура келеді.

Иранның құрлықтағы шекарасы Ирак, Түркия, Пәкістан, Ауғанстан, Түркіменстан, Армения және Әзербайжанмен шектеседі. Сондықтан мұндай жоспар жүзеге асуы үшін бірнеше мемлекеттің келісімі болуы шарт.

Басылым дереккөздерінің мәліметінше, Иранды құрлықтан құрсауға алу Тегеранға "барынша қысым жасау" саясатының жалғасы ретінде қарастырылып отыр. Мұндай шара елдің тауар импорты мен экспортын, сондай-ақ қару-жарақ жеткізуді қиындатуы мүмкін деген болжам бар.

Бұған қоса The Telegraph Тегеран Қытайдан құны шамамен 70 миллион доллар тұратын келісім аясында, қолмен тасуға болатын зениттік-зымыран кешендерін сатып алғалы отырғанын жазды.

Басылым дереккөздерінің мәліметінше, Иранды құрлықтан құрсауға алу Тегеранға "барынша қысым жасау" саясатының жалғасы ретінде қарастырылып отыр. Мұндай шара елдің тауар импорты мен экспортын, сондай-ақ қару-жарақ жеткізуді қиындатуы мүмкін деген болжам бар.

Сонымен бірге басылым Иранды құрлықтан құрсау мәселесін талқылау АҚШ пен Израильдің ақпараттық стратегиясының бір бөлігі болуы мүмкін екенін де жоққа шығармайды. Оның мақсаты – Иран басшылығының назарын нақты жоспарланған кейінгі қадамдардан басқаға қарай бұру болуы ықтимал.

The Telegraph мәліметінше, Трамп пен Нетаньяху кездесуінде Иранға қатысты алдағы саясаттың үш негізгі сценарийі талқыланған: жаңа келісім жасау, теңізден құрсауды жалғастыру және әскери шабуылдарды қайта бастау. Нетаньяху бұл үшеудің ешбіріне басымдық бермеген дейді басылым дереккөздері.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

БАҚ: Трамп пен Нетаньяху кездесуінде Иран мәселесі басты тақырып болғанАҚШ Иран мұнайын тасымалдайтын кемелерге санкция салдыУкраинаның Иранға соққысы. Киевтің көздегені не, АҚШ-тың ұстанымы қандай?Иран АҚШ-тың Таяу Шығыстағы одақтастарына шабуылды уақытша тоқтататынын мәлімдедіТрамп Ормуз бұғазында Иран қайтадан құрсауға алынғанын мәлімдеді