Париждегі терактілердің салдары қандай?

AzattyqLIVE хабарының жүргізушісі Қасым Аманжол (сол жақта) мен қонағы саясаттанушы Айдос Сарым. Алматы, 16 қараша 2015 жыл.

AzattyqLIVE-тың саясаттанушы Айдос Сарым қатысқан хабарында Париждегі терактілердің себеп-салдары талқыланды.

Қарашаның 13-і күні Франция астанасы Парижде бірнеше жерден жасалған, 129 адам опат болып, 352 адам жараланған террорлық шабуылдар әлем жұртшылығын тіксінтті. Жарақат алған адамдардың 99-ы әл үстінде жатқаны хабарланған еді. Бүгін құрбандар саны 132-ге жетті.

Терактілерді "Ислам мемлекеті" (ИМ) ультра-радикал ұйымы мойнына алғаны хабарланды. Франция Сириядағы ИМ содырларының позициясын бомбалады. Террорлық шабуылдарды жасады деген күдіктілер мен олардың серіктері іздестіріліп, кейбірі ұсталды. Әлем елдері басшылары мемлекеттерді террормен бірге күресуге шақырды.

Франция астанасындағы бейбіт адамдарға жасалған бұл шабуылдың салдары қандай болмақ? Таяу Шығыс пен өзге де дамушы елдер азаматтарының Еуропаға кіруі мен тұруы қиындауы мүмкін бе?

Оқи отырыңыз: Париж қазағы: Терактілерден соң тексеріс күшейді

Сириядағы ИМ тобына қарсы әскери соққы беріп жатқан өзге елдерде де террорлық әрекеттер жасалуы мүмкін бе? Кейбір азаматтары ИМ тобына қосылып жатқан Қазақстанның қауіпсіздік саясаты енді қалай болғаны жөн?

AzattyqLIVE хабарының қонағы саясаттанушы Айдос Сарым осы сауалдар төңірегінде пікірін айтты.

Your browser doesn’t support HTML5

Париждегі терактілер салдары (1-бөлім)

Your browser doesn’t support HTML5

Париждегі терактілер салдары (2-бөлім)