Жаңадан АҚШ азаматы атанған балалар

Оливия Брэдок, 4 жаста, Арменияда туған.

7-сыныпта оқитын 12 жасар Мохаммед Тамим мен інісі 6 жасар Мохаммед Талха - Бангладештен. Әкелері Мохаммед Фироз - АҚШ азаматтығын алған бангладештік, Бруклинде құрылысшы.

5 жасар Хадия Аднан Пәкістанда туған. Әкесі Аднан Чаудри - такси жүргізушісі. Отбасы Бруклинде тұрады.

5-сыныпта оқитын 10 жасар Теодор Понсер 10 Францияда туған. Шешесі - нарық консультанты.

3-сыныпта оқитын 9 жасар Нолелис Алманзар мен 2-сыныпта оқитын 7 жасар сіңілісі Нореами Алманзар Доминикан республикасынан. Әкелері Норберто Алманзар - такси жүргізушісі.

5 жасар Ифеозува Ояни Нигерияда туған. Әкесі Олувасеи Ояни - әлеуметтік сала қызметкері. Отбасылары Бронкста тұрады.

18 жастағы Кимесиа Хернандез Тринидадтан, арнайы оқу орнында оқиды. Шешесі Дженифер Хернандез - медбике.

11 жастағы Лейла Хусейн Нашер отбасымен бірге Йеменнен қоныс аударған. Ньюбургта тұрады.

17 жасар Хуан Васкез бен 18 жастағы ағасы Дэвид Доминикан республикасынан. Ресторанда істейтін шешелерімен бірге Бронкста тұрады.

9-сыныпта оқитын 14 жасар Шифа Джахан Бангладеште туған. Әкесі Мохаммед Фироз - құрылысшы.

4 жасар Хаму Мохаммед Амер Алжирде туған. Әкесі Бруклинде такси жүргізеді.

8-сыныпта оқитын 13 жасар Анастасья Варанецкая Украинада туған. Анасы Наталья Варанецкая - дәрігер.

8-сыныпта оқитын 13 жасар Карлос Хернандез Перуде туған. Шешесі Сиси Хернандез үй шаруасын атқарады. Квинзде тұрады.

1-сыныпта оқитын 6 жасар Муса Дукур Сенегалда туған. Әкесі - Бронксте сатушы.