Тегін палау, концерт және жаңбыр астындағы көрме

Алматыдағы Республика сарайы алдындағы концертте Қазақстан әншілері патриоттық ән шырқады. Алматы, 1 мамыр 2018 жыл.

1 мамыр мерекесіне келген халық концерт тамашалап отыр. Алматы, 1 мамыр 2018 жыл.

Жапон ұлттық биі. Алматы, 1 мамыр 2018 жыл.

Еңбек ері медалімен марапатталғанын айтқан Рахматтула Абаханов құрт сатып отыр. Зейнеткер Азаттық тілшісіне “Нұр Отан” партиясына 2015 жылы қабылданғанын растайтын куәлігін көрсетті. Алматы, 1 мамыр 2018 жыл.

Алаңда шар сатып жүрген алматылық. Алматы, 1 мамыр 2018 жыл.

Астана туралы әнге билеп жатқан жастар. Шарада Назарбаев суреті жиі байқалды. Алматы, 1 мамыр 2018 жыл.

Мерекелік шарада тегін палау таратты. Ұзын-сонар кезекке тұрған адам нөпірін Ұлттық ұлан сарбаздары бақылап тұрды. Алматы, 1 мамыр 2018 жыл.

Бос қалған ыдыстар. Алматы, 1 мамыр 2018 жыл.

1 мамыр мерекесіне келген халық. Алматы, 1 мамыр 2018 жыл.

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева ән айтып тұр. Алматы, 1 мамыр 2018 жыл.

Мерекелік концертке келген көрермен. Алматы, 1 мамыр 2018 жыл.

Күн салқын болғанына қарамастан, Республика сарайы алдына жиналғандардың қарасы көп. Алматы, 1 мамыр 2018 жыл.

Үш тілде ән шырқаған оқушылар. 1 мамыр 2018 жыл.

Концерттен қайтып бара жатқан зейнеткер. Алматы, 1 мамыр 2018 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы мерекелік шараға қатысты. 1 мамыр 2018 жыл.

Мерекелік концертте өнер көрсетіп жатқан би тобы. Астана, 1 мамыр 2018 жыл.

Шымкентте жауын жауып, сыртта болады деп жоспарланған концерт қаладағы  драма театрда өтті. 1 мамыр 2018 жыл. 

Мерекелік шара кезінде жол жиегінде тұрған арнайы жасақ. Шымкент, 1 мамыр 2018 жыл.

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев (сол жақта) пен Шымкент қаласының әкімі Нұрлан Сауранбаев (оң жақта) мерекелік шарада жүр. Шымкент. 1 мамыр 2018 жыл

Мерекелік шарада қайырымдылық жәрмеңке өтіп, үй тағамдары арзан бағаға сатылды. Шымкент, 1 мамыр 2018 жыл.

Мерекеге орай арнайы ұйымдастырылған көрме. Шымкент, 1 мамыр 2018 жыл.