Алматыда полиция сайлауға қарсы шыққандарды қалай ұстады?

Алматыдағы "Астана" алаңында сайлауға қарсы шыққан екі жүзден астам адам жиналып, "бойкот", "масқара" деп айғайлады. Оларды полиция жаппай ұстай бастады. Алматы, 9 маусым 2019 жыл. 

Арнайы жасақ "Астана" алаңында наразылыққа шыққан тұрғынды ұстаған сәт. Алматы, 9 маусым 2019 жыл. 

Алаңдағы көрініс. Алматы, 9 маусым 2019 жыл.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, алаңда полиция мен арнайы жасақтың қарасы көп. Алматы, 9 маусым 2019 жыл.

Полиция ұсталған наразыны көлікке күштеп отырғызып жатыр. Алматы, 9 маусым 2019 жыл.

Vlast.kz сайтының хабарлауынша, арнайы жасақ ұсталғандарды полиция департаментіне апарып жатыр. Алматы, 9 маусым 2019 жыл.

Алаңда жүрген Азаттық тілшісі полиция бірнеше адамды бір уақытта ұстап әкеткенін көрген. Алматы, 9 маусым2019 жыл.

Алматы полиция департаменті мен ішкі істер министрлігі ұстауларға қатысты мәлімдеме жасаған жоқ. 

Полиция алаңға келгендердің бірін әкетіп барады. Ұсталғандар арасында Азаттық тілшісі Петр Троценко мен Vlast.kz журналисі бар. Алматы, 9 маусым 2019 жыл.

Полиция ұсталғандарды күштеп көлікке салып жатыр. Алматы, 9 маусым 2019 жыл.

7 маусымда Қазақстан бас прокуратурасы азаматтарды 9-10 маусымда заңсыз митингіге шықпауға шақырып, қатысқандардың "жауапқа тартылатынын" ескерткен. 

Елде тыйым салған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысының жетекшісі, қуғындағы банкир Мұхтар Әблязов 9 маусымда азаматтарды бірнеше қалада митингіге шығуға шақырған.