Мұнайшылар ереуілі, Шыңжаңдағы үрей, бейүкіметтік ұйымдарға қысым және латын әліпбиі

Азаттық сіз оқитын жалғыз басылым емес екенін және жарияланған журналистік жұмыстардың бәрін қамту мүмкін бола бермейтінін білеміз. Тілшілеріміз осы аптада да қоғамдағы маңызды оқиғаларды елеусіз қалдырмай, мақала мен видеорепортаждар әзірледі, тамыры терең жайылған әлеуметтік мәселелерді қозғады. Демалыс күні сайтымыздағы аптаның үздік жеті хикаясын назарларыңызға тағы бір мәрте ұсынамыз.

"КМК мұнай" жұмысшыларының бір аптаға созылған ереуілі

Ақтөбе облысының Темір ауданы Көкжиде кенішінде "КМК Мұнай" компаниясының жұмысшылары 25 қаңтардан бастап ереуілдетіп тұр. Бас талап – жалақыны екі есе өсіру. Жұмысшылардың бірі Ернұр Абылаев қолына бар-жоғы 110 мың теңге алатынын, жалақысының түкке жетпейтінін айтады. Мұнайшылар сондай-ақ жатақханадағы жағдайдың нашарлығына, ас мәзіріне және кәсіподақ жұмысына шағынып отыр. Азаттық осы аптада жұмысшылар ереуілі мен оның айналасындағы мәселелер жөнінде күн сайын хабар таратып тұрды.

Your browser doesn’t support HTML5

"Айлық тамақтан артылмайды". Мұнайшылар ереуілге шықты

Видео көргеннен мақала оқығанды жөн көрсеңіз, мына жерге өтіңіз.

Жұмысшылары ереуілге шыққан қытайлық "КМК Мұнай" жайлы не білеміз?

Жұмысшылары төртінші күні ереуілдетіп жатқан "КМК Мұнай" компаниясына кім иелік етеді? Оның Қазақстан бюджетіне төлеген салығы қанша? Бюджет ақша алған ба? Азаттық шолып шықты.

Your browser doesn’t support HTML5

Жұмысшылары ереуілге шыққан қытайлық "КМК Мұнай" жайлы не білеміз?

Ақтөбеде ереуілге шыққан мұнайшыларға ақсақалдар басу айтпақ болды

27 қаңтарда Ақтөбе облысының Темір ауданы Көкжиде кенішіндегі "КМК Мұнай" компаниясында еңбек ететін 200-ге жуық жұмысшы басшылықтан жалақыны 100 пайызға көбейтуді талап етіп, үшінші күн қатарынан ереуілдетті. Ереуілдетіп тұрған мұнайшыларға сәрсенбіде "бұрын мұнай саласында жұмыс істегенбіз" деген екі-үш ақсақал келіп, оларға басу айтуға тырысты.

Your browser doesn’t support HTML5

Ақтөбеде ереуілге шыққан мұнайшыларға ақсақалдар басу айтпақ болды

Бірде жеңіспен, бірде сотталумен біткен мұнайшы ереуілдері

2011 жылғы Жаңаөзен оқиғасынан бері Қазақстанда мұнайшылар ереуілі көп болды. Еңбек жағдайын жақсартып, жұмысшылар құқығын бұзбауды сұраған кей ереуішілер талабы орындалды, наразылық білдіргендердің кейбірі айыппұл арқалап, сотталды.

Your browser doesn’t support HTML5

Бірде жеңіспен, бірде сотталумен біткен мұнайшы ереуілдері

Ақтөбедегі мұнайшылар мәселесі мәжілісте көтеріле ме? Депутаттардан сұрадық

Жұмысшылардың жалақыны екі есеге көтеруді талап етуі орынды ма? Мәселе қалай шешілуі керек? Парламентте көтеріле ме? Азаттық осы сауалдарды мәжіліс депутаттарына қойды.

Your browser doesn’t support HTML5

Ақтөбедегі мұнайшылар мәселесі мәжілісте көтеріле ме? Депутаттардан сұрадық

"Ұсақ-түйек мәселенің бәрін парламентте көтеру жөнсіз". Сенаторлар мұнайшылар талабы жайлы не дейді?

Ақтөбедегі Қытай компаниясы мұнайшыларының наразылығы әлі де жалғасып жатыр. Ереуілге шыққан жұмысшылар айлықты 100 пайыз көтеруді талап етеді. Еңбек дауы қалай шешілуі керек? Мәселе парламентте көтеріле ме? Азаттық осы сауалдарды сенат депутаттарына қойды.

Your browser doesn’t support HTML5

"Ұсақ-түйек мәселенің бәрін парламентте көтеру жөнсіз"

"Айлығымыз 67 мың теңге". Ақтөбе облысында тағы бір компанияның мұнайшылары ереуілге шықты

29 қаңтарда Ақтөбе облысы Темір ауданында "АМК-Мұнай" компаниясының жұмысшылары ереуілге шықты. Мұнайшылар айлықты екі есе өсіруді сұрайды. Ал осы кен орнынан 20 шақырым жердегі "КМК-Мұнай" компаниясы жұмысшыларының ереуілі бес күн өтсе де, әлі тоқтаған жоқ.

Your browser doesn’t support HTML5

Ақтөбе облысында тағы бір компанияның мұнайшылары ереуілге шықты

Меңдеш Салихов: Билік шетелдік мұнай компанияларына талап қоя алмайды

Азаттық Қазақстандағы мұнай компанияларында жұмысшылардың наразылыққа жиі шығуының себебін мұнай-газ саласында ұзақ жыл еңбек етіп, басшы қызметтер атқарған Меңдеш Салиховтан сұрады. Мұнай саласының ардагері үкімет пен жергілікті билік шетелдік компанияларға жұмысшылар мүддесін қорғайтын талап қоймайды дейді. Сұхбаттасымыз жергілікті мұнайшыларды жұмыспен қамту, мұнай алаңдарын шетел компанияларына берудің зардабы, саланы басқа мамандық иесінің басқаруы сынды көкейкесті мәселелерді де қозғады.

Your browser doesn’t support HTML5

Меңдеш Салихов: Мұнайдың 80-85 пайызы шетелге кетіп жатыр

"1937 жылдағыдай жасады". Құқық қорғаушы бейүкіметтік ұйымдарға билік қысымы күшейді

Қазақстанда бірнеше танымал үкіметтік емес ұйымға қысым жалғасып жатыр. Олардың көбі құқық қорғау қызметімен айналысады. Билік екі үкіметтік емес ұйымға айыппұл салып, біреуінің қызметін тоқтатты.

Былтыр қарашада бірнеше қоғамдық және құқық қорғау ұйымы салық органдары тарапынан негізсіз тексерулер жүріп жатқанын, мұның нәтижесі ұйымның қызметіне кері әсер етуі мүмкін екенін хабарлады. Олардың қатарында сайлауға бақылау жүргізумен айналысатын "Еркіндік қанаты" және "Эхо" қоғамдық бірлестіктері, құқық қорғаумен айналысып жүрген "Халықаралық құқықтық бастама", "Қадір қасиет", Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық бюро, сөз бостандығы мен ақпарат құралдарының еркіндігі бағытында жұмыс істейтін "МедиаНет" және "Құқықтық медиаорталық" ұйымдары бар.

Мақаланы мына жерде оқи аласыз.

Your browser doesn’t support HTML5

Биліктің бейүкіметтік ұйымдарға қысымы неден басталды? Таққан айыбы қандай?

"Солтүстік Кореяға айналып барамыз". Салық органдары екі ҮЕҰ қызметін үш айға шектеді

Қазақстандағы адам құқығы жөніндегі халықаралық бюроның директоры Евгений Жовтис:

"Бұл саяси тапсырыс... сөзсіз, саяси тапсырыс, оған еш күмән жоқ, мұның заң үстемдігіне еш қатысы жоқ. Басында шетелден түсетін қаржыны тексеру арқылы наразылық акцияларын ұйымдастырушылар мен қаржы көзін табуды мақсат еткен сияқты. Олар бізді оппозициялық саясатпен айналысатын топтар мен наразыларды қаржыландырады деп ойлады. Тамыздан бастап бізге хабарламастан, тексеру жүргізіп, ештеңе таба алмаған соң, әйтеуір бір ілік іздеп табуға тырысқан. Осы мәселемен басы қатып жүріп, саяси науқанға қатыспасын деген ниетпен сайлаудың алдында бізге қарсы осындай шара қолданды".

Сұхбатты оқу үшін сілтемені басыңыз.

Kazakhstan - Human rights defenders and lawyers Evgeny Zhovtys, Aiman Omarova and Inara Masanova. Almaty, 29 January 2020

Билік латын әліпбиінің жаңа нұсқасын ұсынды. Мамандар мен жұрт не дейді?

Қазақстан үкіметі латын графикасына негізделген жаңа әліпби нұсқасын ұсынды. Бұған дейін де бірнеше нұсқасы қабылданып, бірақ соңы үлкен дауға айналған. Соңғы нұсқаны да көп маман "бұрынғымен салыстырғанда тәуір екен" десе де ,бәрі бірдей мақтай жөнелген жоқ. Толығырақ мына жерден оқи аласыз.

Your browser doesn’t support HTML5

Билік латын әліпбиінің жаңа нұсқасын ұсынды. Мамандар мен жұрт не дейді?

"Әке-шешемнің зиратындағы тасты қиратты". Қытай лагерінде қамауда болған қазақ

58 жастағы Нұрлан Көктеубай — Пекиннің Шыңжаңдағы түркі тілдес мұсылмандарға қатысты саясаты қалай өзгергеніне куә болғандардың бірі. Қазақстанға көшіп келіп, Шыңжаңдағы туыстарына жиі барып тұрған оны 2017 жылы күзде Қытай полициясы тергеуге алып, артынша саяси қайта тәрбиелеу лагеріне жіберген. Қытайдың "миллиондаған мұсылманды арнаулы орталықтарда ұстап, мәжбүрлі оқу мен еңбекке салуын" таяуда АҚШ "адамзатқа қарсы қылмысқа" балап, "геноцид" деп атады. Пекин мұны әдеттегідей жоққа шығарды. Нұрлан Көктеубай Азаттыққа берген сұхбатында лагерьде және одан шыққан соң көргенін айтып берді.

"Сот тыңдап, естіді". Судья бұрынғы вице-министр Шкарупаны ақтады

"Бюджет қаржысын жымқырды" деген айып тағылған бұрынғы энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупаның ісін бір жылдан астам уақыт бойы қараған сот оны ақтады. Бұрынғы шенеунік пен басқа айыпталушылар соттан өздерін толық ақтауды, ал прокурор қаржы жымқырылғанын айтып, оларды ұзақ мерзімге түрмеге қамауды сұраған еді. Сілтемені басып, мақалаға өтіңіз.

"Өтіріктен қажыдым". Оралдық кәсіпкер "Нұр Отан" партиясынан неге шықты?

Оралдық белгілі кәсіпкер, мүмкіндігі шектеулі азамат Біржан Қожақов Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың партиясы – "Нұр Отанның" қатарынан шықты. Ол тәуелсіз бақылаушылар әділетсіз әрі бәсекесіз өтті деп бағалаған мәжіліс және мәслихат сайлауынан кейін осындай шешімге келген.

"Мәжіліс пен сенатта мүгедек адам болмаған. Мүгедектерге мәжіліс пен мәслихат жабық сияқты. Басқаша айтқанда, екі аяғымыз кесілген соң, ақылымыз да қысқаратын болып тұр ғой. Олар солай ойлайтын сияқты. Одан да өз ісімді жалғастырып, сал ауруымен ауыратын балаларға қолдан келгенше көмектесіп, көп балалы отбасыларына қолдау көрсетіп, халықтың арасында болғаным дұрыс деген ойдамын" дейді Қожақов.

Сұхбаттың толық нұсқасы мына жерде.

Шымкентте әкімдік ипподром орнына үй салғысы келеді. Белсенділер қарсы

Шымкентте ипподром орнына тұрғын үй салуға қарсылық күшейіп тұр. Қоғам белсенділері аумақтың қоғамдық орын ретінде қалып, саябаққа айналуын қалайды, ал әкімдік үй салу тиімді дейді.

Your browser doesn’t support HTML5

Шымкентте әкімдік ипподром орнына үй салғысы келеді. Белсенділер қарсы

ЖСН дерегіңізді кез келген адам көре алады. Бұл несімен қауіпті?

Қазақстанда әр адамға жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) дейтін 12 таңбалы әмбебап сан беріледі. 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап ел арасында "РНН" және "СИК" деп аталған екі құжат жарамсыз деп танылып, оны ЖСН алмастырған. Мемлекеттік мекемеге не банкіге барғанда ЖСН-ді айтсаңыз оператор бүкіл дерегіңізді көре алады. Осылайша жұрт қаптаған құжат жинаудың әуре-сарсаңынан құтылғандай болған. Бірақ адамның дербес дерегін қолға түсіру аса қиындық туғызбайтыны алаяқтарға жол ашып, жеке өмірге қол сұғуды жеңілдетеді. Мақалаға өтіңіз.

kazakhstan a man withdrawing cash from atm, Nur-Sultan, 23 January 2021

Хангелді Әбжанов: Жаңа тарихта Назарбаевтың рөлі бірінші қатарда, жемқорлық жайлы айтылмайды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кейінгі уақытта ел тарихын қайта жазуды, тарих оқулығы жайлы жиі айтып жүр. 26 қаңтарда үкімет отырысында Тоқаев тарих оқулықтарында "бірізділік жоқ" деп сапасын сынап, біркелкі оқулық жазуды тапсырды. Ол 5 қаңтарда жарияланған "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" атты мақаласында да "Тарихымыздың ақтаңдақ беттері әлі күнге зерттемей келеді, соңғы отыз жылдықтағы жасампаз тарихымызды бүгінгі және болашақ ұрпақ білуі керек, сол үшін Қазақстаннның жаңа тарихын жүйелі зерттеген жөн" деп жазды. Тоқаев айтқандай Қазақстан тарихының "ақтаңдақ беттері" әлі зерттелмеді ме? Сапалы тарих оқулығын жазу мүмкін бе? Жаңа тарихта елдегі мәселелер, ақиқат жазыла ма? Азаттық осы сұрақтар төңірегінде тарихшы, Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бұрынғы директоры Хангелді Әбжановпен сұхбаттасты.

Хангелді Әбжанов: Бірінші қатарға тұңғыш президенттің рөлі шығып тұр. Сосын Нұр-Сұлтан қаласы тұр. [Тарих кітаптарында] бұл екеуі де болсын, бірақ азаттығымыздың әлеуетін ашуға зиянын тигізіп тұрған мәселе – жемқорлық. Жемқорлық методологиялық тұрғыдан қарастырылып, азаттығымызға кедергісін тигізіп жатқан нәрсе ретінде талдануы керек. Екі премьер-министр сотталды, сотталған министрлерді жинасаң бір үкімет шығады. Сотталған жоғары лауазымды әскери қызметкерлер, мемлекеттік қызметкерлер мыңдап саналады. Бұған ғылыми талдау керек. Болашақта қайталанбауы үшін тарихымыздың бетінде тұруы керек.

Сұхбаттың толық нұсқасына өтіңіз.