Ғарышкер өмірінің белгілі және белгісіз тұстары

Өзен жағасында әйелі Валентина және қызы Еленамен бірге демалып отырған Юрий Гагарин. Маусым айы, 1960 жыл.

Гагарин Ресейдің Смоленск облысы Клушина ауылында 1934 жылы 9 наурызда дүниеге келген. Мына сурет 1946 жылы Гжатскіде түсірілген. Бұл жаққа Гагариннің отбасы соғыстан кейін көшіп барған.  
 

Бозбала шағында воллейбол командасының құрамында болған Гагариннің (сол жақта ең бірінші болып тұр) бойы 157 см болған. Бәкене бойлы Гагариннің бойының қысқалығы оған ұшу кезінде қолайсыздық келтіргені жайлы дерек айтылады.

Люберецкідегі құрыш құю зауытында жұмыс істеп жатқан Гагарин. Ол кәсіптік мектепті құрыш құюшы ретінде тәмамдап, кейінірек Саратов техникалық колледжіне түсті. Онда трактор мамандығын алып шықты. 
 

Гагарин Саратовта оқып жүрген кезде жергілікті ұшқыштар клубына мүше болған. 1955 жылы түсірілген мына суретте Гагарин ұшақ қанатында тұрып тұр. Кейінірек Орынбор ұшқыш мектебіне барды. Гагарин жақсы оқыған, бірақ ұшақты қондыруға келгенде қиналған. Соның салдарынан тіпті оқудан да шығарыла жаздаған. Оның бойының қысқалығы кабинада отырған кезде терезені тұтас көруге кедергі келтірген. Мақтасы қалың орындық ұшақты дұрыс қондыруға көмектескен.  
 

Байқоңыр ғарыш айлағында киінген Гагарин. 1961 жылы 12 сәуірде ол Восток-1 ғарыш капсуласымен Жер орбитасын бір рет айналып шықты. 

Совет одағының басшысы Никита Хрущев және Гагариннің ата-анасы Анна мен Алексей Мәскеудегі Внуково әуежайында Гагариннің келуін күтіп тұр. 14 сәуір 1961 жыл. 
 

Юрий Гагарин мен Никита Хрущев Мәскеудегі салтанатты шарада. 14 сәуір 1961 жыл. 
 

Юрий Гагаринді батыр ретінде қарсы алған Смоленск тұрғындары. 16 маусым 1961 жыл. 
 

Ғарышкер Куба көсемі Фидель Кастромен сөйлесіп тұр. Гавана, 23 маусым 1961 жыл. 
 

Элизавета II патшайыммен түскі ас ішкен Лондондағы Букингем сарайынан кетіп бара жатқан Гагарин. 14 шілде 1961 жыл. 

1960 жылдары Юрий аты Совет одағындағы ең жиі қойылатын есімдердің біріне айналды. 
 

Гагарин ғарышкер Валентина Терешкова мен Андриан Николаевтың тойында құттықтау айтып жатыр. 3 қараша 1963 жыл.  

Гагарин және оның әріптестері Владимир Комаров, Андриан Николаев аң аулап жүр. Қазан айы, 1964 жыл. 
 

Гагарин қызы Еленаны көтеріп тұр. 10 наурыз 1964 жыл. 
 

Кремль сарайында билеген Гагарин және оның әйелі. Мәскеу, 1 қаңтар 1965 жыл. 
 

Юрий Гагарин және ғарышкер Алексей Леонов Мәскеудегі жұлдызды қалашыққа жас мамандарды қабылдауға орай ұйымдастырылған мерекелік кеште. 12 сәуір 1965 жыл.  
 

Юрий Гагарин Чехословакиядан келген түсірілім тобына сұхбат беріп отыр. Мәскеу, 18 қазан 1965 жыл. 
 

Отбасымен бірге жаңа жылды тойлап жатқан Юрий Гагарин. 31 желтоқсан 1965 жыл.  
 

Гагарин Мәскеудегі Жуковский атындағы әуе күштері инженерлік академиясында сабақ беріп жатыр. 19 ақпан 1966 жыл. 

Юрий Гагариннің жесірі Валентина Гагарина Кремльдегі жерлеу рәсімінде күйеуінің суретіне қарап тұр. Гагарин және жанындағы екінші ұшқыш жаттығу кезінде ұшақ апатына ұшырап, қайтыс болды. Апаттың себебі әлі күнге дейін белгісіз. 30 наурыз 1968 жыл.