Оңтүстік Кореядағы әскери парадқа Жапония келмеді

Your browser doesn’t support HTML5

Оңтүстік Кореяның Чеджудо аралында 12 елдің әскери теңіз флоты қатысқан халықаралық флот дайындығын тексеру жаттығуы басталды. Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин қатысқан әскери парадқа әлемнің 46 елінен делегаттар қатысқан. Жапония бұл парадқа қатыспаған. Бұған дейін Сеул Токиодан жапон флотының туы болып есептелетін көтеріліп келе жатқан күннің суреті бар жалауды әскери кемелеріне ілмеуді сұраған еді. Оңтүстік Корея азаматтары қызыл және ақ түсті туды Жапонияның өткен шақтағы милитаристік саясатының символы ретінде көреді. Бұл шара қазанның 14-іне дейін жалғасады