Мәскеудегі шеру: Ұстау мен қамау

3 тамыздағы шеру кезінде соңғы дерек бойынша, 800-дан астам адам ұсталған. Мәскеу, 3 тамыз 2019 жыл. 

Белгілі оппозиция белсендісі Любовь Собольды полиция акция басталмай тұрып кеңсесі алдында ұстап алып кетті. Соболь бұған дейін өзін жергілікті сайлауға жіберуін талап етіп, аштық жариялаған. 
 

Бульвар маңында шерушілердің марш өткізуіне жол бермес үшін полиция қаз-қатар тізіліп шеп құрып, наразылардың бұл маңға өтуіне мүмкіндік бермеді. 3 тамыз 2019 жыл. 

Ұсталғандардың көбі жасөспірімдер болды. 

Полиция кіші-үлкен деп қараған жоқ, бәрін ұстады. 

Акция белгіленген жерде әуеде тікұшақ қалқып тұрды. 

ОМОН жасағы. 

Шерушілерді ұстап бара жатқан полиция. 

 

Наразылар пікір айту және жиналу еркіндігі жайлы жазылған Ресей Конституциясын ұстап жүрді. 3 тамыз 2019 жыл.

Ресейдегі шеруде полицияның күш қолдануын Батыс, бірқатар халықаралық ұйымдар сынады. 

Арнайы жасақ сарбаздарының алдында тұрған Мәскеу тұрғыны. 

Әскер шерушілерді басуға дайын!

Резеңке таяқ ұстаған полиция наразылардың бірін тоқтатуға тырысып жатыр. 

Полицияның наразылардың бірін ұстаған сәті.