Базар сүрілерде бірнеше саудагерді полиция ұстады

Your browser doesn’t support HTML5

30 шілдеде Шымкенттегі орталық базар алдында сауда орындарын сүруге қарсылық танытқан бірнеше адамды полицейлер ұстап алып кетті. Олар сот орындаушылары дүңгіршектерін бұза бастағанда қарсылық танытқан. Бірнеше сағаттан кейін олардың босап шыққаны хабарланды. Дүңгіршектер орналасқан жерді мемлекетке қайтару туралы сот шешімі 2015 жылы шыққан.