Аптаның үздік жеті хикаясы

Арыс қаласындағы әскери қоймадағы жарылыстан кейін Шымкентке жеткізілген адамдар. 24 маусым 2019 жыл.

Күнделікті қарбалас шаруамен жүріп Азаттықтың маңызды мақалаларын, видеорепортаждарын, фотогалереяларын көрмей қалуыңыз мүмкін. Осы аптада сайтымызда шыққан жеті үздік хикаяны тағы бір мәрте қаперлеріңізге саламыз.

Қаңыраған қала, қираған ғимарат һәм күшейген күзет

Арыстағы жарылыстан кейін қала көшелері бос қалған. Жарылыстан қалада біраз үй мен ғимарат қираған. Арыс қаласына барған Азаттық тілшісінің көргендері. Толығырақ оқу үшін >>>

Your browser doesn’t support HTML5

Қаңыраған Арыс һәм бас сауғалаған халық

Орталық алаңға барған наразы жұрт билікке талап айтты

Маусымның 27-і күні таңертең Шымкентте "Ақмешіт" алдындағы көшені жапқан Арыс тұрғындары түстен кейін қаладағы "Нұр Отан" алдына барып, ғимаратқа басып кірмек болды. "Нұр Отан" өкілдерімен кездесе алмаған наразылар кейіннен орталық алаңға қарай жылжыды. Әскери қоймадағы жарылыстан кейін бірнеше күннен бері мешітті уақытша паналап отырған адамдар жергілікті биліктен өздерін Арыстан басқа жаққа көшіруді талап етті. Толығырақ оқу үшін >>>

Арыс тұрғындарының наразылығы

"Жеті баламмен жаяу қаштым"

Арыстағы жарылыстан кейін қаладан қашқан отбасының хикаясы. 24 маусымда Арыста әскери қойма жарылып, қаладан 39 мың тұрғын өз күштерімен қаланы тастап кеткен. Мыңдаған тұрғын қазір Шымкенттегі эвакуациялық пунктерде тұрып жатыр.

Your browser doesn’t support HTML5

"Жеті баламмен жаяу қаштым"

"Іші толған әйнек сынығы. Тұруға жарамсыз". Арысқа оралғандардың көргені

Әскери қоймадағы жарылыстан кейін көрші елді мекендерді уақытша паналаған Арыс тұрғындары маусымның 28-і таңертеңнен бастап үйлеріне қайта бастады. Арыстағы үйлердің басым бөлігінің шатыры құлаған, терезелері шағылған. Жарамсыз болып қалған үйлер де бар. Толығырақ оқу үшін >>>

Әскери қойма: Жарылысқа дейін және кейін

24 маусымда Арыс қаласында әскери қойма жарылған. Қару-жарақ сақталған аймақтың жарылысқа дейінгі және жарылыстан кейінгі спутниктен түсірілген суреттері. Әскери қоймадағы жарылыстан үш адам қаза тауып, 160-тан астам адам зардап шеккен. Арыс тұрғындары жарылыстан кейін қаланы тастап кеткен.

Әскери қойма: Жарылысқа дейін және кейін

VIP залда Назарбаев маңайындағыларға да қызмет көрсетіле ме?

Үкімет елдің бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың айналасындағы шенеуніктерге әуежайдағы арнайы орындарда қызмет көрсетуге рұқсат беруді ұсынды. Бастама авторлары ұсынысты Назарбаев президенттік өкілетін тоқтатқаннан кейін пайда болған жаңа мемлекеттік құрылым – бірінші президент кеңсесінің құрылуынан туған қажеттілік деп түсіндіреді. Кей сарапшылар бастаманы "бұрынғы президенттің құзыреті мен мәртебесін арттыру үшін жасалған амал" деп бағалады. Толығырақ оқу үшін >>>

"Қалаймақан ақпарат". Ресми хабардағы қайшылық

Елдегі төтенше оқиғалар кезінде үкіметтің әрқилы хабар таратуын кейбір сарапшылар "билік транзиті" кезінде біртұтас ақпарат стратегиясының қожырауы деп тұспалдайды. Толығырақ оқу үшін >>>