Аптаның үздік жеті хикаясы

Әскери қойма жарылғанда бүлінген тұрғын үй. Арыс қаласы, Түркістан облысы, 1 тамыз 2019 жыл.

Күнделікті қарбалас шаруамен жүріп Азаттықтың маңызды мақалаларын, видеорепортаждарын, фотогалереяларын көрмей қалуыңыз мүмкін. Осы аптада сайтымызда шыққан жеті үздік хикаяны тағы бір мәрте қаперлеріңізге саламыз.

"Үйіміз тұруға жарамсыз". Арыста ондаған тұрғын жаңа үй салуды талап етеді

Арыста ондаған тұрғын жарылыстан соң зақымданып, «жарамсыз болып қалған» үйлерін құлатып, жаңа үй салуды талап етеді. Құрылыс сарапшысы 50 шақты үйді құлату мәселесі әлі шешілмей тұрғанын растады. Толығырақ оқу үшін >>>

Ғабидолла Әбдірахымовтың "саяси қателігі" және "қазіргі әкімдер образы"

Лондоннан видео жариялап, қоғам сынына ұшыраған Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов көп кешікпей қызметінен босады. Кейбір сарапшылар “билік қоғам сынына жылдам реакция танытты” деп шенеунік отставкасын соңғы оқиғамен байланыстырса, кейбірі бұл пікірмен келіспейді. Толығырақ оқу үшін >>>

Римма мен балалары. Сириядан оралған отбасының хикаясы​

Қарағандыда 28 жастағы жесір әйел Римма араға жеті жыл салып, жақындарымен қайта қауышатын сәтті тосып жүр. Ол төрт баласымен бірге жақында Таяу шығыстағы қарулы жанжал аймағынан оралған. Толығырақ оқу үшін >>>

Қауіпсіздік сертификаты неге күмән туғызады?

Биліктің QazNet Trust Network ұлттық қауіпсіздік сертификатын енгізуге талпынысынан кейін Қазақстан әлемдік қауымдастық назарына ілікті. Жаңа сертификаттың мақсатын "қолданушыларды кибершабуылдар мен заңсыз контенттен қорғау" деп таныстырған билік мәлімдемесімен "азаматтарға сертификат қызметін дұрыс түсіндірмей отыр" деген IT мамандар келіспейді. Құқық қорғаушылар елдегі цензура күшейеді деп қауіптенеді. Толығырақ оқу үшін >>>

​Серікжан Біләштің ісін Алматы сотының қарауына жолдады​

"Атажұрт еріктілері" ұйымының жетекшісі Серікжан Біләштің үстінен қозғалған істі Алматы сотының қарауына жіберді. Мұндай шешімді Нұр-Сұлтан соты қабылдады. Қытайдағы аз ұлттарға жасалған қысым мәселесін алғашқылардың бірі болып көтерген белсенді төрт айдан бері Нұр-Сұлтанда үйқамақта отыр. Толығырақ оқу үшін >>>

Қазақстанда айыпталып, Болгария азаматтығын алған полковник

Болгария билігі бұрын Қазақстан азаматы болған Қайыр Рахымовты болгар азаматтығынан айыруды ұсынып отыр. Қайыр Рахымов есімді азамат 2000 жылдары Қазақстан қорғаныс министрлігі аэромобильді әскер қолбасшысының орынбасары қызметін атқарып, қару-жарақ сатып алуға байланысты жемқорлық дауына ілінген. Толығырақ оқу үшін >>>

Митинг өткізудің қазақстандық үлгісі. Рұқсат алу керек пе, ескерту жеткілікті ме?​

Қазақстанда митинг, бейбіт шеру, пикет өткізудің ережесі мен тәртібі мен соңғы кездердегі осы бағыттағы өзгерістер жайын Азаттық Алматы студиясында талқылады. Хабарға «Байтақ болшақ» ұйымының жетекшісі Азаматхан Әміртаев және азаматтық белсенді Бэлла Орынбетова қатысты.

Your browser doesn’t support HTML5

Митинг өткізудің қазақстандық үлгісі. Рұқсат алу керек пе, ескерту жеткілікті ме?