Аптаның үздік жеті хикаясы

Алматыдағы митинг кезінде полицияның адамдарды ұстауы. 10 маусым 2020 жыл.

Күнделікті қарбалас шаруамен жүргенде Азаттықтағы маңызды мақалаларды, видеорепортаждарды, фотогалереяларды көрмей қалуыңыз мүмкін. Осы аптада сайтымызда шыққан жеті үздік хикаяны қаперлеріңізге тағы бір мәрте саламыз.

Түнгі ойран. Қордайдағы жанжалдың жай-жапсары

Ақпанның 7-сінен 8-не қараған түні Жамбыл облысы Қордай ауданының Масанчи, Сортөбе, Ауқатты ауылдарында тұрғындар арасындағы төбелес этникалық жанжалға ұласты. Кемі 10 адам қаза болды. Азаттық тілшілері оқиғадан соң ауылдарды аралап, қанды оқиғаның куәгерлерімен тілдескен.

"Лас ойын". Айсұлтан Назарбаевтың жаңа мәлімдемесіне билік реакциясы

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені әрі парламент сенатының спикері Дариға Назарбаеваның ұлы Айсұлтан Назарбаев Ұлыбританиядан саяси баспана сұрайтыны туралы Facebook әлеуметтік желісіне мәлімдеме жариялады.

Митинг өткізу құқығы. Жаңа заң жобасындағы ескі шектеулер

Қазақстандық сарапшылар үкімет әзірлеген бейбіт митинг туралы заң жобасында азаматтардың конституциялық бостандықтарын пайдалану құқығын шектейтін бұрыннан келе жатқан ережелер барын айтады. Билік жобаны әзірлегенде халықаралық тәжірибе ескерілді дейді.

"Ұлтаралық келісімнің" қауқарсыз моделі. Қордайдағы жанжал нені аңғартты?

Жамбыл облысындағы ауылдарда қантөгіспен аяқталған оқиғалар қалай өрбіді? Не себеп болды? Ол туралы өзгелер не дейді? Азаттық тілшілері жергілікті тұрғындармен сөйлесіп, сарапшылардың пікірін білді.

Советтің құпия "мұсылман батальоны". Хабибжан Холбаевтың хикаясы​

31 жыл бұрын Совет одағы Ауғанстаннан шектеулі контингентін шығарды. 1979 жылы ауған билеушісі Хафизулла Әминнің резиденциясына шабуыл жасаудан басталған он жылдық соғыс осылай аяқталды. Тәж-Бек сарайын басып алу мақсатындағы құпия операцияға СССР билігі "мұсылман батальонын" пайдаланған. Азаттық тілшісі осы бөлімшені басқарған Хабибжан Холбаевпен ол Алматыға келгенде әңгімелесті.

Олимпиадаға төнген қауіп. Коронавирус спорт жарыстарына да кесірін тигізді

Қытайдың Ухань қаласынан тараған коронавирус спортшылардың жарыс жоспарына үлкен өзгеріс енгізді. Вирус салдарынан ақпан-сәуір айларына жоспарланған жарыстардың көбі кейінге қалды. 24 шілде - 9 тамыз аралығында өтуі тиіс Токио олимпиадасына да қауіп төніп тұр.

"Дариға Назарбаеваның көлік жүргізушісі" Нахиби кім?

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Айсұлтан Назарбаев жазбасында шешесі, сенат спикері Дариға Назарбаевадан тығылып жүргенде Лондонда өзін анасының адамдары күштеп әкетпек болғанын, солардан қашып жүріп, бөтеннің пәтеріне кіріп кеткенін жазған. Кейін полиция келіп, Айсұлтанды Лондон түрмесіне қамайды. Экс-президенттің жиенінің жазуынша, қамауда отырғанда шешесі Назарбаеваның Бехзад Нагиби есімді жүргізушісі бірнеше рет келіп, өзін райынан қайтармақ болған. Азаттық Бехзад Нагибидің (Behzad Naghibi) кім екенін анықтауға тырысып көрді.

Your browser doesn’t support HTML5

"Дариға Назарбаеваның көлік жүргізушісі" Нахиби кім?