Аптаның үздік жеті хикаясы

Еуразия экономикалық одағына (ЕАЭО) мүше елдердің президенттері видеоконференция өткізіп жатыр.

Күнделікті қарбалас шаруамен жүргенде Азаттықтағы маңызды мақалаларды, видеорепортаждарды, фотогалереяларды көрмей қалуыңыз мүмкін. Осы аптада сайтымызда шыққан жеті үздік хикаяны қаперлеріңізге тағы бір мәрте саламыз.

"Саяси ұпай жинауға тырысып жатыр". Сарапшы Тоқаевтың ЕАЭО жиынында айтқаны жайлы

Мамырдың 19-ында Еуразия экономикалық одағына (ЕАЭО) мүше елдердің президенттері видеоконференция арқылы өткен жиында ұйымның алдағы бес жылға арналған даму стратегиясын қабылдаған жоқ. Жиын кезінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың стратегия жобасын «ел үкіметтері мен парламентінің дербестігін шектейді» деп, кейбір тұсын қайта қарау қажет деген ұсыныс айтты. Тәуекелді бағалау тобының директоры, саясаттанушы Досым Сәтпаев Азаттыққа берген сұхбатында экономикалық кеңес отырысындағы Тоқаев сөзінің астары жайлы, Нұрсұлтан Назарбаевтың ақыры таяған дәуірі, Еуразия экономикалық одағы ішіндегі қордаланып қалған қайшылықтар жайлы айтты.

"Бұлай еңбектенгенді көрмедім". АҚШ-та жүк көлігін жүргізетін қостанайлық журналистің хикаясы

Бір жыл бұрын Қостанай тұрғыны Артем Марусич ағылшын тілін білмейтініне, алға қойған нақты бір мақсаты жоғына қарамастан, АҚШ-қа көшкен. Ол осылай Қазақстандағы достары мен туыстарын тастап, мыңдаған шақырым жердегі бейтаныс елді бетке алған.

Сирияда соғысып, Австрияда 12 жылға сотталған қазақстандық Магомед Арчаковтың хикаясы

Сирияда соғысқан қазақстандық Магомед Арчаков терроризмге қатысы бар қылмыс жасаған деген айыппен 12 жылға сотталған. Оның соты Венада өтті. Австрия билігі Қазақстанның Арчаковты экстрадициялау туралы өтінішін қанағаттандырмады.

Бейбарыс Толымбеков: "Билік өзгеріс жасайды деп ойламаймын. Үміт жоқ"

2019 жылы Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы алдында, 21 сәуірде Алматы марафоны кезінде әділ сайлауды талап еткен плакат ұстап, 15 күнге қамалған, кейін әскерге шақыртылған Бейбарыс Толымбеков әскери міндетін орындап, үйіне оралды. Толымбеков Азаттыққа берген сұхбатында саяси ұстанымы мен әскердегі өмірі жайлы айтып берді.

Your browser doesn’t support HTML5

Бейбарыс Толымбеков: Демократиялық өзгеріс ешқашан жоғарыдан жасалмайды

Сот "Көше партиясының" қызметіне тыйым салды. Қозғалыс мүшелері не дейді?

Тіркелмеген “Көше партиясы” қозғалысын Қазақстан бас прокуратурасы “экстремистік ұйым” қатарына қосып, қызметіне тыйым салды. Құзырлы орган қозғалысты “Мұхтар Әблязов құрған ҚТД ұйымымен байланысты” дейді. Белсенділер мұны жоққа шығарады және сотқа шағымданбақ.

Your browser doesn’t support HTML5

Сот "Көше партиясының" қызметіне тыйым салды. Қозғалыс мүшелері не дейді?

"Қамаудан шығарды, құжатын бермеді". Қытайдан қайта алмаған қазақтардың шырғалаңы

Қазақстанда Қытайдың Шыңжаңдағы саясаты салдарынан жақынынан ажырап, әлі табыса алмай отырғандар бар. Қытай қазақтарының мәселесін көтеріп жүрген Қазақстандағы ұйымдар лагерьге қамалған қазақтардың біразы босап шыққанымен тәркіленген төлқұжатын ала алмай отырғанын айтады. Бұған қоса, коронавирус пандемиясы кезінде Шыңжаң жақтан хабар алу да қиындаған.