Аптаның үздік жеті хикаясы

Орал қаласының ортасында полиция қызметкерлері адамдарды ұстап жатыр. 6 маусым 2020 жыл.

Күнделікті қарбалас шаруамен жүргенде Азаттықтағы маңызды мақалаларды, видеорепортаждарды, фотогалереяларды көрмей қалуыңыз мүмкін. Осы аптада сайтымызда шыққан жеті үздік хикаяны қаперлеріңізге тағы бір мәрте саламыз.

Қазақстанда бейбіт жиын заңы қалай қабылданды? Заңның кемшілігі қандай?

Қазақстан билігі коронавирус карантины кезінде қабылдаған Бейбіт митинг туралы жаңа заң 6 маусымда күшіне енді. Бұл заң жайлы қаншалықты білесіз? Заңды сарапшылар неге сынайды? Азаттық түсіндіреді.

Your browser doesn’t support HTML5

Қазақстанда бейбіт жиын заңы қалай қабылданды? Заңның кемшілігі қандай?

Қазақстаннан Ресейге: экономикалық белсенді азаматтар елден неге көшеді?

Былтыр Қазақстаннан қоныс аударған 45 мыңнан астам адамның басым көпшілігі – орыстар. Зерттеушілер халықтың, әсіресе жастардың көшуіне бұл елде дамуына мүмкіндіктің жоқтығы, жемқорлық, адам құқықтарының бұзылуы, экономикалық жағдайдың нашарлауы мен білім сапасының төмендеуі себеп болып отырғанын айтады.

"Совет дәуірінің шенеунігі екенін көрсетті". Тоқаевтың Ресей газетіне берген сұхбаты нені меңзейді?

Бүгін, маусымның 3-і күні ресейлік "Комсомольская правда" газеті сайтында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан алған сұхбатын жариялады. Қойылған 15 сұрақтың көбі қазақ-орыс қарым-қатынасына арналған. Тоқаев Қазақстанда "қос билік жоқ" дейтін бұрынғы пікірін қайталап, Ресеймен одақтас ел болу жөніндегі ойын айтты. Ол сондай-ақ Қырым сценарийі Қазақстанда қайталануы мүмкін деушілерді жалған сарапшыға теңеп, елдегі орыс халқын диаспора деуге болмайды деді. Сарапшылар Тоқаевтың сұхбаты жайлы не дейді?

Әсем Жәпішева: "Назарбаев кеткенімен, ол құрған жүйе әлі тұр"

"Oyan, Qazaqstan" қозғалысының белсендісі, журналист Әсем Жәпішева Азаттық тілшісімен әңгімеде қозғалыс құрылғаннан бері өткен бір жылдың ішінде қандай айыптаулар тағылғаны, елдегі жағдай, Тоқаевтың президенттігі, карантин жайлы, Қазақстанның парламенттік республикаға айналуы неліктен маңызды екенін айтты.

Әлімжан Ізбасаров: Ұзақ уақыт өзгермеген билік тозады

Армиядан мерзімінен бұрын үйіне оралған азаматтық белсенді Әлімжан Ізбасаров Азаттыққа берген сұхбатында әскердегі көргені, елдегі қазіргі жағдай туралы айтты. Былтыр көктемде биліктен әділдікті талап етіп, шеруге шыққан соң әкімшілік жауапқа тартылған белсендіні кейін тосыннан армияға алып кеткен еді.

"Концлагерь сияқты". Сырқат балалар тұратын жабық интернаттардың ахуалы

Қазақстандағы жабық мекемелерде түрлі психоневрологиялық диагноз қойылған екі мыңнан аса бала тұрады. Оның жартысының әке-шешесі бар, қалғаны — ата-анасы бас тартқан, тастанды және жетім балалар. Құқық қорғаушы, Даун синдромымен туған бала өсіріп отырған Айгүл Шәкібаева былтыр мүгедектігі бар адамдарға арналған 20 арнаулы мекемені аралап қайтты. Оның алтауы — балаларға арналған орталық. Айгүл Шәкібаева Азаттыққа жабық интернаттар ішінде не көргенін баяндап берді.

"Шал кетсін!" Алматыдағы митингіде жүзден аса адам ұсталды

Алматыда тіркелмеген "Демократиялық партия" жетекшісі Жанболат Мамай мен шетелде тұратын экс-банкир, оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязов жақтастарын митингіге шақырған маусымның 6-сында қалада жүзден аса адам ұсталды. Наразылыққа келгендерді полиция мен арнайы жасақ бөлек-бөлек қоршап, алаңға өткізген жоқ.

Your browser doesn’t support HTML5

"Шал кетсін!" Алматыдағы митингіде жүзден аса адам ұсталды