Аптаның үздік жеті хикаясы

Күнделікті қарбалас шаруамен жүріп Азаттықтың маңызды мақалаларын, видеорепортаждарын, фотогалереяларын көрмей қалуыңыз мүмкін. Осы аптада сайтымызда шыққан жеті үздік хикаяны тағы бір мәрте қаперлеріңізге саламыз.

Қоғам сынаса да, қызметінен кетпеген "ең тәжірибелі полицей"

Қазақстанның Ішкі істер министрлігін жеті жыл басқарып отырған Қалмұханбет Қасымов "отставкаға кету" туралы үндеу жиілеп, қарамағындағылар қатты сынға ұшыраса да, қызметінде қалды. Министрдің қызметіне шолу.

Президент сапары алдындағы әбігер

Қазанның 15-і күні президент Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбеге барды. Cапар алдында қалада президент өтетін жерлер тазаланып, жолдар жөнделді. Кейбір көшелерге аялдамалар орнатылып, жасанды газондар төселген. Қалада қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Ақтөбедегі қарбалас.

Президент сапары алдындағы әбігер

"Қытайда қамалғандардың балалары отбасына жіберілуі керек"

Халықаралық Human Rights Watch ұйымы осы аптада Қытай билігі Шыңжаңда қамалған мұсылмандардың балаларын отбасынан айырмай, жақындарына жіберу керек деп мәлімдеді. Халықаралық қауымдастық тарапынан қысым артқан шақта Қытай саяси лагерьлерді "жарнамалауды" үдетті.

Аудан атауын өзгерту не үшін наразылыққа ұласты?

Батыс Қазақстан облысында билік Оралдың ондаған көшесіне жаңа атау беріп, бір ауданның атын өзгерткісі келеді. Бұл жоспарға қарсы жергілікті тұрғындар өз пікірлерімен ешкімнің санаспайтынына наразы. Азаттық тілшісі Петр Троценко қос тарапты тыңдап қайтты.

Еуропа елдерінде азаматтық қанша тұрады?

​"Едендері шіріген, жертөлесін су алған" үйдегі өмір

Павлодарда бүтін бір шағын аудан жерасты суынан жапа шегіп отыр. Тұрғындардың айтуынша, күн жауса болды су деңгейі күрт көтеріліп, үйге кіреді. Жарты метрге жеткен лай судан баспаналары бүлінген тұрғындар кімге барарын білмейді.

Your browser doesn’t support HTML5

"Едендері шіріген, жертөлесін су алған" үйдегі өмір

Қазақстанда бала неге зорланады?

Қазақстанда балаларға сексуалды зорлық жасау оқиғалары көбейіп келеді. Сарапшылардың пікірінше, мұндай қылмыстың себептері көп, сондықтан онымен түрлі деңгейде күресу керек және мемлекет қолданып отырған әдістер жеткіліксіз. Азаттық тілшісінің зерттеуі.