Сәбіз бен картоп бағасын аңдыған апта. Жеті күннің жаңалықтары қандай?

Азаттық тілшілері осы аптада да қоғамдағы маңызды оқиғаларды елеусіз қалдырмай, мақала мен видеорепортаждар әзірледі, тамыры терең жайылған әлеуметтік мәселелерді қозғады. Демалыс күні сайтымыздағы аптаның үздік хикаяларын назарларыңызға тағы бір мәрте ұсынамыз.

Қой да, оның еті де қымбаттап барады. Себеп неде?

Алматы облысы Іле ауданына қарасты Жетіген ауылындағы жексенбілік мал базары әдеттегідей ығы-жығы. Бірақ көбіне ұсақ қозы, тоқтының саудасы ғана жүріп жатыр, ірі малды алып жатқандар сирек. Мұның себебін кейін білдік.

Қапшағай қаласынан келген алпыс жас шамасындағы ақсақал "Газель" автокөлігіне тиелген ұсақ малын сатып тұр.

– Мына қозының бағасы – 55 мың теңге, – дейді ол биыл көктемде туған жас төлді көрсетіп.

– Қанша келі ет береді?

– Білмеймін, 22-25 келі болып қалар.

"55 мыңды 22 келіге бөлсек, 2500 теңгеден шығады, мұның союы бар, басқасы бар" деп ойша есептеп тұрғанымызда сатушы:

– Базарда 22 келі етті 60 мың теңгеге аласың. Ал мына қозының бас-сирағы мен ішек-қарны – "бонус", – деді қария күліп.

Былтыр дәл осы базарда мұндай жас төл 22-25 мың теңге айналасында болатын. Демек бір жыл ішінде тірі мал екі есеге жетеқабыл өскен. Бағаның шарықтап бара жатқанын сатушылар да мойындайды. Алушы аз болса да олар бағаны төмендетуге асықпайды.

Толығырақ...

Алматы облысы Жетіген ауылындағы жексенбілік мал базарында. 19 мамыр 2019 жыл.

Азаттық тілшілері базар аралап қайтты. Жұрт "мұндай қымбатшылық көрген жоқпыз" дейді

Кейінгі апталарда Қазақстан бойынша картоп пен сәбіз бағасы ұшып тұр. Кейбір аймақта сәбіздің бір келісі 800 теңгеге жетті. Бір апта бұрын, 10 маусымда сауда министрлігі қымбатшылыққа нарықта көкөніс қорының аздығы, елге өнім тасымалдаушы Өзбекстанда тауар қымбаттағаны себеп деген. Ведомство "тапшылық жойылса, баға да түседі" деп еді. Қазақстанның түрлі аймағындағы базарда қазір көкөніс бағасы қанша? Жағдай тұрақталды ма? Азаттық тілшілері сауда орындарын аралап қайтты.

Your browser doesn’t support HTML5

Азаттық тілшілері базар аралап қайтты. Жұрт "мұндай қымбатшылық көрген жоқпыз" дейді

"Халық наразылығын күшейтеді". Елдегі қымбатшылықтың салдары қандай болмақ?

"Қазақстанда соңғы кезде азық-түліктің күрт қымбаттап жатқаны халықтың наразылығын күшейтеді" дейді әлеуметтанушы. Ал экономист сөзінше, тұрғындары табысының жартысынан көбін тамаққа жұмсайтын ел кедейшілік алдында тұр.

Your browser doesn’t support HTML5

"Халық наразылығын күшейтеді". Елдегі қымбатшылықтың салдары қандай болмақ?

"Өз жерімізде кепілге айналдық". Степногорск тұрғындары қауіпті қалдық өртейтін зауыт салуға қарсы

Ақмола облысындағы Степногорск қаласы мен оған іргелес үш ауылдың халқы елдімекенге жақын маңда қауіпті өндіріс қалдығын өртейтін кешен салуға қарсы. Биліктің дерегінше, БҰҰ-мен бірлескен жоба аясында биыл зауыт құрылысы басталмақ. Қалдықты жоюмен айналысатын компания даулы мәселе жайлы пікір бермей отыр.

Толығырақ...

Байбек пен Мамай соты қалай аяқталды?

"Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек пен оппозициялық саясаткер Жанболат Мамай арасындағы сот аяқталды. Сотқа Мамайдың Байбектің "байлығы" жайлы жасаған фильм түрткі болған. Судья Байбектің шағымын толық қанағаттандырып, Мамай мен әйелі Инга Иманбайға фильмді өшіріп, ондағы деректі жоққа шығаруды міндеттеді.

Your browser doesn’t support HTML5

Байбек пен Мамай соты қалай аяқталды?

Байден мен Путиннің кездесуі қалай өтті?

Сәрсенбі, 16 маусым күні Швейцарияның Женева қаласында АҚШ президенті Джо Байден мен Ресей президенті Владимир Путин кездесті. Келіссөз төрт сағатқа жетер-жетпес уақытқа ұласып, артынан екі ел басшылары жеке-жеке баспасөз мәслихатын өткізді.

Толығырақ...

Ұйғыр топтар Тәжікстанды Шыңжаңдағы қысымға көмектесіп жатыр деп айыптады

Ұйғыр топтардың заңгерлері Тәжікстан билігі Шыңжаңдағы ұйғырларды қудалауда Қытайға көмектесіп отыр деп айыптап, Халықаралық қылмыстық сотқа дәлелдер тапсырды. Шағымда Гаагадағы соттың тағы бір мүшесі – Камбоджаның аты аталады. Арызданушылардың сөзінше, бұл екі ел өз аумағында жүрген ұйғырларды Қытайға заңсыз депортациялап, Пекинге "қол ұшып беріп отыр".

Толығырақ...

"Мұсылман бауырларды" жаншыған соң билік салафилерге шүйлікті

Тәжікстанда тыйым салынған салафи діни ағымының мүшесі деген күдікке ілінген 18 адамның ісі бойынша жабық сот процесі өтіп жатыр. Билік олардың аты-жөнін де, қандай айып тағылғанын да жариялаған жоқ. Сыншылар үкімет әсіре діншілдікпен күрес ұранын бетке ұстап, іс жүзінде өзімен келіспейтіндерді басып-жаншумен айналысып отыр дейді.

Толығырақ...

Пандемия қарсаңында Тәжікстан бас прокуроры Юсуф Рахмон (суретте) Душанбеде бір жылда экстремизм мен терроризмге байланысты мыңнан астам қылмыс тіркелді деп мәлімдеген. Билік жүздеген адамның үстінен іс қозғаған. Сыншылар билікті "терроризм қаупін зорайтып айтады" деп айыптайды.

Өзбекстан Египет пен Түркияда діни оқуда жүрген азаматтарын кері қайтарып жатыр

Өзбекстан билігі Египет пен Түркиядағы діни оқу орындарда оқып жүрген азаматтарын кері қайтарып жатыр. Ал шетелге діни білім үшін бармақ болып жүргендерге тексерісті күшейткен.

Толығырақ...

Каирдағы Әл-Ахзар мешіті. 2020 жылдың тамызы.

Алмас Ордабаев: Ақылды адам көрсе біздің басшылардың көңілі нілдей бұзылады

"Алматы кез келген сәтте үлкен зиратқа айналуы мүмкін", "Түркістанға қарасам, жылағым келеді". Белгілі сәулетші, дизайнер, материалды мәдениет тарихшысы Алмас Ордабаев Азаттыққа берген сұхбатында қазіргі Қазақстандағы сәулет өнері, қала құрылысы, мәдени құндылықтар және өзге де мәселелер жайлы ойын айтты.

83 жастағы Алмас Ордабаев Алматыда тұрады. 1960-жылдардан бері сәулет өнері саласында істейді. 1990-жылдарға дейін мемлекеттік мекемеде мамандығына сай қызмет атқарған, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін жекеменшік тапсырыс бойынша жұмыс істеуге көшкен. Кезінде Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесін реставрациядан өткізуге қатысқан.

Толығырақ...

Алматы қаласының орталық бөлігі. 13 маусым 2021 жыл.

"Соңғы сәтке дейін өзгеден көмек күтеді". Суицидке кім, не үшін барады? Алдын алуға бола ма?

Ресми дерекке сәйкес, Қазақстанда жыл басынан бері 84 жасөспірім өз-өзіне қол салып мерт болса, тағы 164-і суицид жасауға оқталған. Былтырғымен салыстырғанда биыл көрсеткіш 15 пайызға көбейген.

Ақмарал, 19 жаста: Жаным көз алдыма келгенде бәрін түсіндім

Мен [суицидке] баруды ұзақ ойланған жоқпын, ашумен бірден жасадым. Екі жыл бұрын 17 жаста едім. Бір сыныптасыммен сөйлесіп жүргем. Бірақ анам ол балаға қарсы болды. Біраз уақыт араласпай, кейін қайта сөйлесіп жүрдік. Мамам біліп қойып, маған қатты ұрысты.

Анамның ол кезде аяғы ауыр еді. Дәрігерлер "Жүктілігің ауыр, өліп кетуің мүмкін, сен өлсең қыздарыңа кім қарайды?" деген сияқты қорқынышты сөздер айтқан екен. Сосын анам "құрсағымдағы баланы алдырып тастауға кеш, егер алдырмасам өліп қалам" деп уайымдап, өзін өзі жеп, күйзеліске берілді. Ал мен ҰБТ-ға дайындайтын ақылы сабаққа барғым келді. Папама тура айтуға батпаймыз, анам арқылы сөйлесеміз. Екі ай күттім, айтпады. "ҰБТ-дан аз балл алып қалам ба?" деп қатты уайымдап жүрген кезім еді.

Толығырақ...