Әндіжан оқиғасына - 14 жыл

Наразылық басып-жаншылғаннан кейін Әндіжан көшелерін бақылап жүрген солдаттар. 

Әскер халыққа оқ боратқан сол күнгі қақтығыс кезінде өртенген көліктердің қасынан өтіп бара жатқан Әндіжан тұрғындары.

Әндіжан тұрғындары қақтығыстан қаза тапқан адамдардың мәйіттерін жинап жүр.  

Жаназаға жиналған жұрт. Тұрғындардың айтуынша, билік қаза болған кейбір адамдардың мәйіттерін жинап әкеткен.  

Көтерілістен кейін жүздеген адам Қырғызстан шекарасына қашқан. Қырғызстанның шекаралас ауданындағы Бараш босқындар лагерінде жүрген адамдар.  

Чехиядағы босқындар жатақханасында тұрған әндіжандық әйел.

Әндіжанның 15 тұрғынына "терроризм" айыбы тағылды. Өзбекстан Жоғарғы соты, 2005 жылдың қыркүйегі.

Әндіжан көшесінде ілініп тұрған Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың билборды. Каримов  Әндіжан оқиғасын тәуелсіз тергеуге мұрсат бермеді. 

Брюссельдегі Өзбекстан елшілігі жанында Ислам Каримовке қарсы шеру өткізіп тұрған наразылар. 2006 жылдың мамыры.