Бүгінгі Бурыл

Ауыл көшесіндегі қоғамдық тәртіпті бақылап жүрген қарулы полицейлер. Бурыл ауылы тұрғындарының саны 8 мыңнан асады.

Бурыл ауылындағы жағдайды әуеден бақылау үшін дрон құралын ұшыруға дайындап жатқан әскери адамдар. 

Әуеде жеңіл тұман болса да, әскери адамдар дрон құралын ұшырып бақылауды жалғастырды. 

Наразылық оқиғасы кезінде жабылған дүкендердің кейбірі бүгін ашылып жұмыс істей бастады.

Ауылға кірген-шыққан көліктерді бақылап жүрген полицейлер.

Көшеде бейсауат жүрген адамдар көрінбейді.

Ауылдағы қоғамдық тәртіпті бақылау үшін терезесі күңгірттелген автобустар да пайдаланылды.

Бурыл ауылында әскери көліктер үшін жанармай таситын техникалар да байқалды.

Бурыл ауылына көрші ауылдардан және Тараз қаласынан әкелінген төтенше жағдай қызметі техникалары. 

Оқиғаны бақылауға әкелінген Оңтүстік Қазақстан облысына тиесілі нөмір тағылған әскери көлік.  

"Бала өлімі" оқиғасы осы үйде болды деп есептеледі.

"Бала өлімі" оқиғасына күдікті адам тұрған үй.

Бурыл ауылындағы жағдай тыншыды. Ауыл сыртына әскерден қойылған қоршау алынды. Бірақ тәртіпті қатаң қадағалау шаралары жүріп жатыр.