Ресейдегі наразылық, Отардағы парад, Путин инауграциясы

Санкт-Петербургте "Ол бізге патша емес" ("Он нам не царь") акциясы кезінде наразылардың бірін ұстап жатыр. Путиннің инаугурациясынан екі күн бұрын оппозициялық саясаткер Алексей Навальный халықты Владимир Путиннің 4-мерзімге президент болып сайлануына қарсылық танытуға шақырған. 5 мамыр 2018 жыл.

Кезекті мерзімге Ресей президенті болып сайланған Владимир Путиннің инаугурациясына қарсылық шарасына қатысушыны полиция ұстап жатыр. Мәскеу, 5 мамыр 2018 жыл.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (сол жақта) АҚШ боксшысы Ванес Мартиросянды екінші раундта нокаутпен жеңді. АҚШ, 5 мамыр 2018 жыл.

Киевте мектеп оқушылары Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңіске 73 жыл толуына арналған шараға қатысып тұр. Украина, 4 мамыр 2018 жыл.

Еревандағы үлкен Каскад баспалдағында тұрған әйел. Армения, 3 мамыр 2018 жыл.

Тұрғындардың бірі Ставропольдегі Екінші дүниежүзілік соғысқа арналған мемориал жанындағы шара кезінде күн астында құрметті қарауылда тұрған сарбазға су бүркіп тұр. Ресей, 3 мамыр 2018 жыл.

Ресей президенті болып төртінші мәрте сайланған Владимир Путин инаугурация шарасында. Мәскеу, 7 мамыр 2018 жыл.

Карачиге барар жолда шашылған етті жеп жатқан құс пен мысық. Пәкістан тұрғындары құстар мен жануарларды тамақтандыру сәттілік әкеледі деп ырымдайды. 4 мамыр 2018 жыл.

Ауа райы ыстық әрі ылғал Карачиде салқындау үшін суға шомылып жүрген бала. Пәкістан, 3 мамыр 2018 жыл.

Қазақстанда Отан қорғаушылар күні өткізілген әскери парад. Жамбыл облысы, 7 мамыр 2018 жыл.

Отардағы әскери парадқа қатысушы қазақстандық сарбаздар. Жамбыл облысы, 7 мамыр 2018 жыл.

Мәскеу түбіндегі Истар қаласының жанындағы православ монастрында шырақтарды тазалап жатқан шіркеу қызметкері. Ресей, 2 мамыр 2018 жыл.

Сеулдегі Джоги храмында Буддаға құлшылық қылу үшін шашын тақырлап келген бала. Оңтүстік Корея, 2 мамыр 2018 жыл.

Ереванның орталығында оппозиция жетекшісі Никол Пашинянның жақтастары парламенттегі премьер-министр сайлауының қорытындысын күтіп тұр. Армения, 1 мамыр 2018 жыл.

Париждегі кәсіподақтар маршы кезінде наразылық танытушы. Франция, 1 мамыр 2018 жыл.

Экстремаль спорттан жарысқа қатысушы адам кедергіден өтіп бара жатыр. Беларусь, 1 мамыр 2018 жыл.

Мәскеудегі 1 мамыр мерекесі. Ресей, 1 мамыр 2018 жыл.

Гангва аралында Солтүстік Кореядан Оңтүстік Кореяға қашып келген белсенділер күріш, ақша, дәрі-дәрмек және USB-сымы салынған бөтелкелерді теңізге тастады. Олар мұндай шараны екі жылдан бері өткізіп келеді. Оңтүстік Корея шекарашылары бөтелкелерді Солтүстік Кореяның балық аулайтын кемелері алатынын айтады. Оңтүстік Корея, 1 мамыр 2018 жыл.

Қос Корея шекарасында үгіт-насихатқа арналған үлкен дыбыс күшейткіштерді бұзып жатқан жұмысшы. Оңтүстік Корея, 1 мамыр 2018 жыл.

Үнділік балалар Ямуна өзеніне салынған теміржол көпірінің астында пойыз жолаушылары лақтырған тиындарды іздеп жүр. Үндістан, 30 сәуір 2018 жыл.