Әлем айшықтары

Үндістанның Калькутта қаласындағы базардан шыққан өртті сөндіру үшін баспалдақпен жоғары шығып бара жатқан сатушылардың бірі. Калькутта базарындағы өрттен екі адам қаза тапты.
 

Ресей президенті Владимир Путин Шоқыну мерекесінде суға түсіп жатыр. 

Минсктегі парктердің бірінде қырау басқан құлыптар. 

Сирияның Дума қаласындағы ауруханалардың бірінде оттегі маскасымен демалып жатқан бала. БҰҰ Шығыс Гута аймағына химиялық қарудан шабуыл жасалғанын хабарлаған.
 

АҚШ вице-президенті Майк Пенс Иерусалимдегі Батыс қабырғада тәу етіп тұр. Пенс "АҚШ Иерусалимді Израиль астанасы деп таниды" дегенді тағы қайталады.
 

22 қаңтарда Украина тұрғындары Бірлік күнін тойлады. 

Жапониялық теннисші Наоми Осака Australian Open (Австралия ашық чемпионаты) жарысында ойнап жатқан сәт. 

Ресейдегі АҚШ елшісі Джон Хантсман Шоқыну мерекесінде Мәскеу маңындағы Истра қаласында суға түсіп жатыр. 

Кабулдағы қонақ үйден секіріп жатқан ер адам. 21 қаңтарда Intercontinental қонақ үйіне "Талибан" содырлары шабуыл жасап, 20 астам адам мерт болған. Арасында Қазақстанның бір азаматы бар.