Путин Арменияны Еуроодаққа мүше болу жайлы референдум өткізуге шақырды

Армения премьер-министрі Никол Пашинян (сол жақта) мен Ресей президенті Владимир Путин суреттерінен коллаж

Армения премьер-министрі Никол Пашинян елде биыл маусымда парламент сайлауы өткелі бері алғаш рет Ресей президенті Владимир Путинмен телефонмен сөйлесті.

Армения үкіметінің мәліметінше, Пашинян Ресейдің армян өнімдері импортына енгізген шектеулерді алып тастауға шақырып, олардың екіжақты келісімдер мен Еуразия экономика одағы (ЕАЭО) қағидаларына қайшы екенін айтқан.

Кремльдің хабарлауынша, Путин Пашинянға Арменияда "Еуроодаққа кіру немесе Еуразия экономика одағы құрамында қалу мәселесі бойынша жалпыхалықтық референдумды мүмкіндігінше тезірек өткізу маңызды" екенін айтқан.

Ереванның мәліметіне сәйкес, Пашинян мұндай референдум Армения Еуроодаққа мүше болуға ресми өтініш бергеннен кейін ғана өткізілуі мүмкін екенін жеткізген.

Кейінгі айларда Ресей Армениядан әкелінетін өнімдерге – жеміс-жидек, көкөніс, гүл, алкоголь, минералды су, сүт өнімдері және басқаларға шектеулерді кезең-кезеңімен енгізді.

Маусым айының ортасында Ресей армян өнімдерінің шамамен 130 түрін импорттауға тыйым салынған тізімге қосты. Бұған армян фермерлері наразылық білдірді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Ресейдің қысымы Армениядағы сайлауға қалай әсер етті?Пашинян: армян өнімдері Еуроодақ нарығына салықсыз экспортталадыПашинян Арменияның ҰҚШҰ-дан шығуы мүмкін екенін жоққа шығармадыЕАЭО лидерлерінің Арменияға референдум өткізу жайлы ұсынысы саяси қысым ба?ЕО Ресейдің экономикалық қысымына ұшыраған Арменияға қаржылай көмек көрсетпек