Желтоқсанның 19-ы, бейсенбі күні кешке Мәскеу қаласының орталығында орналасқан Ресей федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) ғимаратының маңында атыс болды деп хабарлайды Азаттықтың Орыс қызметі. ФСБ-ның қоғаммен байланыс орталығының ақпараты бойынша, атысқа күдікті мен қауіпсіздік қызметінің өкілі қаза тапқан. Бұған дейін үш адам шабуыл жасаған деген хабар тараған еді, бірақ арнайы қызмет оны терістеді. Сонымен бірге атыс ғимараттың қабылдау бөлмесінде болған деген ақпаратты да жоққа шығарды. ФСБ атыс тек көшеде болған дейді.
Ресейдің бірқатар басылымдары мен телеграм-арналары күдікті – Мәскеу облысындағы Подольск қаласының тумасы, 39 жастағы Евгений Манюров деп хабарлады. Бұл ақпаратты ресми орындар әзірге растаған жоқ.
Your browser doesn’t support HTML5
"База" басылымы атыс барысында ФСБ-ның екі қызметкері жараланып, олардың біреуі кейін ауруханада қайтыс болған деп хабарлады. Ресей денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, атыс салдарынан бес адам жараланған.
Видео нападения на здание ФСБ на Лубянке. Стрелок обстреливает окна здания, укрывшись за колоннами дома напротив. pic.twitter.com/QFmdZLUHAR
— baza (@bazabazon) December 19, 2019
У Лубянки сейчас: pic.twitter.com/kvfIXX1IiB
— vasily_maximov (@maximov_vasily) December 19, 2019
В районе места происшествия на Лубянке сейчас так. Видео: Дмитрий Швец / Медиазона https://t.co/Ffr67rwQPh pic.twitter.com/F6UPOqM977
— Медиазона (@mediazzzona) December 19, 2019
скорая помощь у здания ФСБ pic.twitter.com/0aVavjneTQ
— Feldman (@EvgenyFeldman) December 19, 2019
Атыстан қаза болған адам саны туралы әртүрлі ақпарат тарады. 112 телеграм-арнасы өз дерек көздеріне сүйеніп, федералдық күзет қызметінің (ФСО) үш қызметкері мерт болған десе, Baza телеграм-арнасы күш құрылымының екі қызметкері оққа ұшқан деп хабарлады. "Москва" агенттігі ФСО-ның бір қызметкері және шабуылдаған екі адамның бірі өлген деген ақпарат таратты.
РБК Ішкі істер министрлігіндегі дерек көзінің мәліметіне сүйеніп, белгісіз адам автокөлік тұрғында Калашников автоматынан оқ атқан деп хабарлады.
Видео нападения на здания ФСБ. Двое убегают, нападавший стреляет им в спины, попадает. pic.twitter.com/guNn0YN7S2
— baza (@bazabazon) December 19, 2019
"Коммерсант" басылымының дерек көздері «жарылғыш құрылғы табылған болуы мүмкін» дейді. Оқиға болған жерде жарылғыш заттарды залалсыздандыратын мамандар жұмыс істеп жатыр деп хабарланды.
Тергеу комитеті «Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің өміріне қастандық жасау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған.
Оқиғаның егжей-тегжейі әзірге белгісіз. Атыс болған жерде жедел қызметтер жұмыс істеп жатыр деп хабарлады. Әлеуметтік желіде тараған фотосуреттер мен видеода басына каска киген қарулы полиция қызметкерлерінің көшеде тұрған көліктердің қалқасына жасырынғаны, атысқа ұқсайтын дыбыс естілген маңнан адамдардың қашып бара жатқаны байқалады.
Мәскеудің Үлкен Лубянка ауданындағы көшеде қоғамдық көлік қозғалысы уақытша тоқтатылған.
Движение в районе Большой Лубянки перекрыто. Выбирайте пути объезда.
— ЦОДД (@gucodd) December 19, 2019
Мәскеу метросы әдеттегідей жұмыс істеп тұр, тек «Лубянка» станциясына кіріп-шығу шектелген деп хабарлайды Азаттықтың Орыс қызметі.
Московское метро работает в штатном режиме. На станции «Лубянка» Сокольнической линии возможны ограничения на вход-выход по требованию правоохранительных органов.
— Московское метро (@MetroOperativno) December 19, 2019
Үлкен Лубянка ауданында атыс басталған кезде Ресей президенті Владимир Путин Кремльде Ресей қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің күніне арналған концертте болатын деп хабарлады "Интерфакс".
- 21 сәуір 2017 жылы 17 жастағы Антон Конев Хабаровск қаласындағы ФСБ ғимаратының қабылдау бөліміне шабуыл жасаған. Арнайы қызметтің бір өкілі мен мекемеге келген бір адамды қарудан атып мерт қылған жасөспірімді сол жерде атып өлтірген.
- 31 қазан 2018 жылы Архангельск қаласындағы ФСБ ғимаратында жарылыс болған. Жергілікті колледжде оқитын 17 жастағы Михаил Жлобицкий ғимараттың ішіне алып кірмекші болған жарылғыш зат оның қолында жарылған. Жлобицкий қаза тауып, ФСБ-ның үш қызметкері зардап шеккен.