Трамп Иран "бұрын-соңды болмаған" экономикалық құрсауға алынатынын мәлімдеді

АҚШ президенті Дональд Трамп. Вашингтон, 19 тамыз, 2026 жыл.

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы ауқымды экономикалық операция басталғанын жариялады. Оның сөзінше, тарихта бұрын-соңды ешбір елге қарсы мұндай операция болмаған.

"Иран Ислам Республикасына келісім жасауға дәл мендей ешкім мүмкіндік берген емес. Өкінішке қарай, олар оны пайдаланбады. Сондықтан бүгін мен бұған дейін ешбір елге қарсы жүргізілмеген ең жойқын экономикалық операцияны жариялаймын! Бұл экономикалық соғыс және бұрын-соңды болмаған ауқымдағы оқшаулау болады", – деп жазды Трамп Truth Social әлеуметтік желісіндегі парағына.

Ол Иранға көмектесетін кез келген ел "орасан зор экономикалық салдарға" тап болатынын ескертті, алайда қандай салдар екенін нақтыламады.

Трамп Иранға қарсы қабылданып жатқан шараларды "Экономикалық D күні" деп атап (1944 жылғы 6 маусымда, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде одақтастардың Нормандияға түскен күн), АҚШ-тың одақтастарын Иранды оқшаулауға қатысуға шақырды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Трамп: таяуда Ормуз бұғазын АҚШ-тың аумағы деп жариялаймын

Трамп бұған дейін Иранға жойқын әскери шабуылдар жасалатынын айтып сес көрсеткен, бірақ кейінгі кезде ол жоспарынан бас тартып, экономикалық қысым жасау жайлы айтып жүр.

Жақында ол журналистердің сұрағына берген жауабында, Иран "жауып тастадық" деп мәлімдеген Ормуз бұғазы АҚШ бақылауында деген сөзін қайталады. Трамп Иранмен арадағы қазіргі жағдайға көңілі толатынын мәлімдеп, кезі келген сәтте Тегеранмен келіссөз қайта басталуы мүмкін екенін атап өтті.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Трамп Иранды экономикалық қысым арқылы келісімге келуге көндірмек ниеттеТрамп Иранға жойқын шабуыл жасау жоспарын "тоқтата тұратынын" мәлімдедіБАҚ: АҚШ пен Израиль Иранға құрлықтан экономикалық қысымды күшейту жайын талқылағанАҚШ Иран мұнайын тасымалдайтын кемелерге санкция салдыИран АҚШ-тың Таяу Шығыстағы одақтастарына шабуылды уақытша тоқтататынын мәлімдеді