АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соққыларынан қаза тапқандар саны артып жатыр. Әуеден түскен бомбалар ғимараттарды қиратып, онсыз да экономикалық қиындықтарға душар болған ирандықтарға қоныс аудару қаупі төнді.
АҚШ пен Израильдің Тегеранға қарсы соғысында 90 миллионнан астам халқы бар Иранда қираған ғимараттар мен мерт болған бейбіт тұрғындар саны артып барады. Елдің күнделік тұрмысы күрт өзгерген.
АҚШ-тағы Human Rights Activists News Agency (HRANA) құқық қорғау ұйымының дерегінше, 28 ақпанда басталған шабуылдардан 1,1 мыңнан аса бейбіт тұрғын опат болған. Ал ирандық "Қызыл жарты ай" ұйымы қаза тапқандар саны 1230 адам деп отыр.
Қаза тапқандар қатарында Минаб қаласындағы мектепке жасалған соққыдан мерт болған оқушылар да бар. Тегеранның айтуынша, Иранның оңтүстігінде қыздар мектебіне жасалған шабуылдан 165 оқушы мен мұғалім көз жұмған. БҰҰ бұл шабуылға "алаң білдірді".
Your browser doesn’t support HTML5
Иранда мыңдаған адам мектепке шабуылдан қаза тапқандарды аза тұтты
АҚШ пен Израиль әскерилері Иранның тек басшылық пен бақылау орталықтарын, зымыран ұшыру бекеттерін және мемлекеттік ғимараттарды нысанаға алып жатқанын айтады. Алайда гуманитарлық топтар 100-ден астам бейбіт нысан соққыға ұшырағанын мәлімдеп отыр. Олардың арасында ауруханалар мен спорт кешендері де бар.
АҚШ пен Израиль шабуылынан ең көп зардап шеккені – Тегеран. Тоғыз миллионнан астам халқы бар қалада тұрғындардың бойын үрей билеп отыр.
"Адам ретінде өз тағдырымызды өзіміз айқындайтын сенімнен айырылып жатқандаймыз" деді Азаттықтың Фарда радиосына аты-жөнін жарияламауды сұраған Тегеран тұрғыны. "Жарылыс дыбыстары мазасыздық күйіне түсірді. Тіпті жойғыш ұшақтар мен жарылыстардың дыбысы естілмейтін тыныштық сәтінің өзі де қорқынышты. Өйткені мұндайда бір үрейлі сәтті күтесің, өзің және өзгелер тірі қала ма, жоқ па деп ойлайсың".
Тегерандағы полиция бекетіне шабуыл салдарынан қаза болған адамның мәйітін алып бара жатқан құтқарушылар. 6 наурыз, 2026 жыл. West Asia News Agency (WANA)/ REUTERS
Соғыс адамдардың өмірін қиғанымен қатар, жергілікті жұрттың күнделікті өмірі мен сауда-саттықты да қиындатып отыр. Иран өкіметі тапшылықтың алдын алу үшін соғыс уақытына азық-түлік және ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауға тыйым салды.
Азаматтық және тұрғын аудандарға жасалған соққылар үйлер мен кәсіпорындарды қиратып, Тегеранның кей бөліктерінде тұрғындарды эвакуациялауға мәжбүр етті. Көптеген адам жертөлелер мен қолдан жасалған бункерлерді паналауға көшкен.
Мәдени мұра нысандары мен базарлар да зақымданып, елде дағдарыс көңіл-күйі күшейді. ДДСҰ бірқатар денсаулық сақтау мекемесіне шабуыл жасалғанын анықтап, халықаралық құқық бұзылған болуы мүмкін деп алаң білдірді.
Ирандағы режимді құлату формалды түрде "Эпикалық қаһар" операциясының мақсатына жатпайды.
АҚШ "Эпикалық қаһар" операциясы Ирандағы режимді ауыстыруды көздемейтінін мәлімдеді. Бірақ бұл сөз ирандықтарға жұбаныш бола қоймады.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Трамп Иранды жазалауға уәде берді, бірақ келіссөз жүргізу мүмкіндігі әлі барын айттыСоғыс ислам республикасының түбіне жете ме деген талқыда түрлі пікір бар. Кейбіреулер 28 ақпан күні АҚШ пен Израиль шабуылы кезінде қаза тапқан жоғарғы рухани көсем аятолла Әли Хаменеидің өлімін тойлатып жатса, қалғаны мұның арты азаматтық соғысқа әкелмей ме деп алаңдайды.
"Соғысты қолдайтындарды ешқашан түсіне алмадым" деді Тегеранда тұратын әйел Фарда радиосына. "Шарасыздық адамға не істей алатынын түсінсем де, олар соғыстың не екенін аңғара бермейтінін байқаймын".
"Нәтижесі күйреу болатын соғыстан аман қалатындар қатарында болғым келмейді" деді. "Күйретусіз өтетін соғыс болмайды".