Украина Түркиядан ATACMS зымырандары мен M270 қондырғыларын сатып алмақ

ATACMS зымыраны (көрнекі сурет)

АҚШ Түркияның қолындағы дүркіндете ататын 12 дана M270 реактивті қондырғыны, жер үстіндегі нысананы жоюға арналған 70 ATACMS баллистикалық зымыранын, кассеталық оқ-дәрілер мен артиллерия снарядтарын Украинаға беруге келісуге ниетті. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік департаменті Конгресті хабардар еткен. Қару-жарақ пакетінің жалпы құны шамамен 28 миллион доллар болады.

Мемлекеттік департаменттің мәліметінше, Вашингтон "әскери, саяси және экономикалық факторларды" ескеріп, аталған қару-жарақ пакетін Түркияның Украинаға беруіне рұқсат етуге дайын және бұл Украинаға қауіпсіздік саласында қолдау көрсету жөніндегі америкалық саясаттың мақсаттарына сәйкес келеді. Ал Түркияға бұл өз қару-жарақ қорындағы ескіргендерін азайтуға мүмкіндік бермек.

ATACMS — жер үстіндегі нысаналарды жоюға арналған америкалық баллистикалық зымыран. Ал M270 — бірнеше зымыранды бір мезетте ұшыра алатын реактивті қару жүйесі.

Бұл ақпарат Украинаға әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелеріне арналған оқ-дәрі жеткізу мәселесі көтеріліп отырған шақта жарияланды.

8 тамызда Украина президенті Владимир Зеленский елге ай сайын АҚШ-тан Patriot әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелеріне арналған зымырандар жеткізілетін болады деп мәлімдеген. Алайда оның сөзінше, Украинаға Ресей әскері шабуылға қолданып отырған баллистикалық зымырандардан қорғануға қажет оқ-дәрі көлемі әлі де жеткіліксіз.

Тамыздың басында Зеленский Украинаның әуе қорғанысы жүйелерінде зымыран қоры таусылғанын, сондықтан елдің әскери күштерінің ресейлік баллистикалық зымырандарды атып түсіру мүмкіндігі шектелгенін айтқан еді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

"Зымыран қоймада жатпауға тиіс". Зеленский Patriot қаруының баяу беріліп жатқанына қынжылыс білдірдіТрамп Иранға жойқын шабуыл жасау жоспарын "тоқтата тұратынын" мәлімдедіТрамп Украинаға Patriot зымыранын әзірлеуге рұқсат берді. Бұл соғыстағы жағдайды өзгерте ме?Франция Киевке қару-жарақ өндіруге лицензия мен жойғыш ұшақтар бермекТрамп пен Зеленский тағы кездесті, Ресейге шабуыл үдей түсті | Соғыс жаңалықтары