Жанболат Ағаділді пышақтағанын мойындап сөйлеген күдіктінің адвокаты "жігіт полицейлерден алданғанын" айтады. Халықаралық құқық қорғау ұйымы "Тоқаевтың реформа туралы уәдесі орындалмады" дейді. "Өтірікті шындай сөйлеткен" кім? Президент сөзін бас санитар дәрігер теріске шығарды.
Адам мүшесін заңсыз алып-салуға байланысты даулар Қазақстандағы донорлықтың дамуына кері әсер етіп, трансплантологиялық ота саны күрт азайған. Ал донорлық мүшеге мұқтаж науқастар кезегі ұлғайып барады. Отандық медицинаға сенімнің төмендігі мен елдегі жемқорлық деңгейі де бұл мәселеге әсер отыр.
Бірнеше адам Алматыдағы митингіге жете алмады. Полиция кейбірін әуежайдан, кейбірін үйінен шыға берісте ұстаған. Сайлауға бойкот жариялаудан оппозиция ұта ма, ұтыла ма? Тамыздан бері 25 мыңнан астам адамды ұстаған Лукашенко Қазақстанға ақыл айтты.
Қырғызстанда 2021 жылғы 10 қаңтарда өтетін кезектен тыс президенттік сайлауға кандидат ретінде қатысуға 63 адам өтініш берді. Саяси партия ұсынған біреуінен өзгесі – өзін-өзі ұсынғандар. Арасында сегіз әйел бар. Елде президенттік сайлауға түсуге алғаш рет осыншама көп адамнан өтініш түскен.
Кісі қолынан қаза тапқан Жанболат Ағаділді ақтық сапарға шығарып салды. Беларусь халқы билікке наразы болам деп ажал құшқан жас жігітті аза тұтып жатыр.
Президент міндетін атқарушы Садыр Жапаров сайлау заңнамасына парламентке өту шартын жеңілдететін өзгерістер енгізу туралы заң жобасына қол қойды. Жогорку кенеш депутаттары бұл өзгерістерді 5-6 қазанда өткен наразылықтан кейін қабылдаған.
Ресей араағайындығымен 9 қарашада Армения мен Әзербайжан бітім келісіміне қол қойған соң Мәскеу бейбітшілікті бақылау үшін Таулы Қарабаққа бітімгер күштерін жіберетін болды. Ресей бітімгерлері Совет аймағындағы қақтығыс ошақтарына бұрын да жіберілген, олардың нәтижесі де әркелкі.
Жанболат Ағаділдің өліміне күдіктілер ұсталды. Заманбек Нұрқаділовтің қаза болғанына 15 жыл. Билікті сынаушы блогер-журналист психдиспансерге жатқызылады. Нұрқаділовтің жұмбақ қазасы: https://www.youtube.com/watch?v=ipsS16jufuY
Нұр-Сұлтанда марқұм Дулат Ағаділдің ұлы Жанболатты пышақтап, өлтіріп кетті. Коммунстік партия атын өзгертті. Демпартия пикет өткізді. Тәуелсіз ұйым Қазақстан билігі карантинде "шектен шыққанын" мәлімдеді.
10 қарашада Ереванда наразылар Армения парламентінің ғимаратына басып кірді. Олар Армения, Әзербайжан және Ресейдің Таулы Қарабақтағы қақтығысты аяқтау келісіміне қарсы шықты. Бұл келісімге сай, Таулы Қарабақтың біраз бөлігі Әзербайжанға өткен.
Таулы Қарабақтағы соғысты тоқтату келісіміне әзербайжандар қуанып, армяндар ашуланды. Қытайға қайтармауды сұраған қазақ Украина астанасы Киевте қамалып отыр. Коронавирус індеті өршіген тұста ауырғандарды тегін емдегені үшін емхана айыпты болды.
Қазақстан коронавирусқа қарсы дайындап жатқан бір вакцинаға NARUVAX деген ат берді. Шымкент мұғалімдері мектеп әкімшілігі ақша жинай беретінін айтып, президентке үндеу жолдады. Беларусь халқының билікке қарсы наразылы үш айдан асты. Лукашенко да кетпей отыр.
АҚШ-тың жаңа сайланған вице-президенті Камала Харрис саяси карьерасын Калифорниядағы қылмыскерлерді іздеуден бастаған.
АҚШ президентін әлі анықтамады. Дауыс саналып жатыр. Трамп қарсылас тарапты айыптады, Байден сабырға шақырды. Қазақстанда парламент сайлауы қалай өтеді? Бойкот жариялауға шақырғандар не дейді? Тәуелсіз ұйым Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар 3 миллионға жуық болды деп болжайды.
АҚШ-та тұратын қазақстандықтар Азаттыққа белсенді сайлаушылар, саяси науқанға қатысты қызу талқы мен сайлау нәтижесі жаппай тәртіпсіздікке ұласуы мүмкін деген қауіп туралы әңгімелеп берді.
4 қарашада Дания премьері Метте Фредериксен күзен популяциясының 17 миллионға қысқартылатынын мәлімдеді. Билік бұл қадамға күзендерден Covid-тің адамға жұғуы мүмкін жаңа штамы анықталған соң барып отыр.
Тағы