Қырғызстан президенті Жээнбеков оставкаға кететінін мәлімдеді. Италияда Әблязовтың жұбайын заңсыз депортациялау ісі бойынша үкім шықты. Таиландта жастар премьер отставкасын талап етіп жатыр.
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой "елде қараша-желтоқсанда вирус қаупі артады" дейді. Қазақстан "интернеті еркін емес ел" қатарына кірді. Бітім жасасқан Әзербайжан мен Арменияда атыс тоқтамай тұр.
Қырғызстан парламенті кезектен тыс отырысында Садыр Жапаровты премьер-министр етіп тағайындау ұсынысын мақұлдады. Түрмеден өткен аптаның басында шыққан саясаткердің кандидатурасын парламентте басым дауысқа ие коалиция ұсынған. Президент Сооронбай Жээнбеков те парламент қаулысына қол қойды.
Қазақстан астанасында экс-президент, қазір қауіпсіздік қызметі мен билеуші партияны басқаратын Нұрсұлтан Назарбаевқа тағы бір музей ашылды. Жаңа музей оның атындағы кітапхананың жанынан салынған.
Армения мен Әзербайжан 10 қазанда Таулы Қарабақ мәселесі бойынша бітім жасасқан. Бірақ ол ұзаққа созылмады. Бір күн өтпей қақтығыс қайта басталып, екі тарап та бір-бірін келісімді бұзды деп айыптайды.
11 құқық қорғаушы ұйым Анкараны түркімен белсендісі Дурсолтан Таганованы Отанына депортацияламауға үндеді. Олар Түркіменстан билігі белсендіні түрмеге қамап, азаптауы мүмкін екенін айтады.
Алматыда митингіге келгендер ұсталды. Сарапшылар Тоқаев қабылдаған "Бейбіт жиын туралы" заң нәтиже бермегенін айтады. Қырғызстанда жаңа премьер-министрге қуанғандар мен қарсылар БАҚ арқылы айтысып жатыр. Таулы Қарабақтағы қақтығыс тоқтаған жоқ.
Солтүстік Кореяда коронавирус пандемиясына қарамастан парад өтті. Пхеньян парад кезінде 11 дөңгелекті транспортқа тиелген жаңа құрлықаралық баллистикалық зымыранын көрсетті.
Тәжікстанның авторитар президенті Эмомали Рахмон кезекті рет осы қызметке сайланды. Биліктің қатаң бақылауымен өткен сайлаудың ресми алдын ала қорытындысы бойынша Рахмонның 91 пайызға жуық дауыс алғаны хабарланды. Алғашқылардың бірі болып Рахмонды Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 11 қазандағы президент сайлауында жеңіске жетіп, ел басқаруын одан әрі жалғастыратынына сенімді көрінеді. Дауыс беруге санаулы апта қалғанда ол ел тізгіні ұлына беріледі деген қауесетті жоққа шығарып, сайлауға тағы бір мәрте түсетінін мәлімдеді.
Қырғызстанда билікке таласқан топтар өзара шекісіп қалды. Алматының іргесіне қалашық салып, ағаштарын отайын деп жатқан кім? Шымкенттік мақташылар еңбектің жемісін көрмей, шығынға ұшырап жатқанын айтады.
Қырғызстандағы үлкен өзгерістерге алып келген 5-6 қазандағы көтерілістен соң елдің ендігі тағдырын айқындауы мүмкін деген негізгі саяси тұлғаларды тізіп шығайық.
Қырғызстанда екі революция қалай болды? Қазір елде не болып жатыр? Шолып шықтық.
Оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязов Парижде ұсталып, екі күн абақтыда отырып шықты. Президент Тоқаев халықты әлем әлі таппаған вакцинамен қамтамасыз етуді тапсырды7 Қырғызстан үкіметті әлі жасақтай алмай жатыр.
Таулы Қарабақ аймағы үшін қақтығысып жатқан Армения мен Әзербайжан күштері арасындағы әскери жанжал 7-8 қазанда да жалғасты. Екі тараптан да адам шығыны бар.
Франция билігі жақында осы елден саяси баспана алған қазақстандық оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовты Қазақстан үкіметінің сұрауымен ұстап, ол екі тәулік абақтыда отырып шықты. Нұр-Сұлтан Әблязовты "ірі көлемде қаржы жымқырған" деп айыптайды, саясаткер оны жоққа шығарады.
Қырғызстандағы саяси дағдарыс қалай жалғасып жатыр? Қазақстанда сайлау туралы заңды өзгертуді ұсынды. Қарағанды облысында "бала зорлады" деп қамалған күдікті абақтыда қайтыс болды.
Тағы