Әлем елдері Қазақстанның БҰҰ-да жақында есеп беретін сәтін пайдаланып, адам құқықтарын жақсартуға уәде берген жаңа президент Қасым-Жомарт Тоқаевты сөзінде тұруға көндіруі керек. Бұл жөнінде Human Rights Watch халықаралық адам құқықтарын қорғау ұйымы қарашаның 4-і мәлімдеді.
Бір кезде Мәскеуге америкалық танкіге мініп келетінін айтқан ресейлік диссидент журналист Аркадий Бабченко Украинадан кетіп қалды. Ол бұл елде 2017 жылдың күзінен бері тұрып жатқан еді.
Түркіменстанда кардиолог жас жігіттің гей екені жайлы сұхбатынан кейін биліктің дәрігерлер арасында ЛГБТ өкілдері бар-жоғын тексеруге кіріскені туралы хабар тарады. Құқық қорғаушылар үкіметтен полиция шақырған соң хабарсыз кеткен жігіт жайлы ақпарат талап етіп отыр.
Осы аптада сайтымызда шыққан жеті үздік хикаяны қаперлеріңізге тағы бір мәрте саламыз.
Осы аптада аймақ баспасөзі Оралда ортағасырлық тарихи қалашықтың қоқыс орнына айналып кеткенін, Маңғыстау облысында Солтүстік Бозащы кенішіндегі жұмысшылардың жалақыларын өсіруді талап еткенін жазды.
Гомосексуализм қылмыс саналатын Түркіменстандағы азапқа толы өмірі туралы сұхбат берген гей жігіт полиция бөліміне шақырылғаннан кейін хабар-ошарсыз кетті. Жоғалар алдында туыстарына арнаған видеосы.
Түркіменстандағы азапқа толы өмірі туралы сұхбат берген гей жігіт полиция бөліміне шақырылғаннан кейін хабар-ошарсыз кетті. Гомосексуализм қылмыс саналатын елде оның отбасының да қайда кеткені белгісіз.
Қазақстандағы қарсылық акциялары жайлы ақпарат беретін журналистерге соңғы кездері бетперде киген әлдекімдер тосқауыл жасай бастады. Қолшатырмен камераны көлегейлейтін бұл адамдар жұртқа белгісіз болғанымен, полицияға белгілі сияқты, үндемейді.
"Журналистерді қорғау комитетінің" (CPJ) жаңа есебінде әлемде Ауғанстан, Пәкістан, Ресей мен тағы 10 елде журналистерді өлтірген қылмыскерлердің жазасыз қалуы дағдылы жайтқа айналғаны айтылған.
Тәжікстанда амнистиямен бостандыққа шыққан жүздеген адамның арасында билік "экстремистік мазмұнда" деп тапқан материалдар үшін сотталғандар да бар. Амнистияға ілінгендер қатарында құқық қорғаушылар "ар-ождан тұтқыны" деп атайтын азаматтардың бар-жоғы әзірге белгісіз.
Нұр-Сұлтан соты "ҚДТ-ны қолдаған" азаматтық белсенді Ақмарал Керімбаеваның бостандығын бір жылға шектеп, екі жыл қоғамдық-саяси қызметпен айналысуына тыйым салды. Белсенді тағылған айыпты жоққа шығарып, үкімен келіспейтінін мәлімдеді.
Чехословакия социалистік республикасы құпия қызметінің шағын камерамен түсірген суреттері.
АҚШ президенті Дональд Трамп Сирияның солтүстік батысында америкалық әскерилер жүргізген арнаулы операция нәтижесінде ДАИШ экстремистік тобының басшысы Әбу Бәкір әл-Бағдадидің көзі жойылды деп мәлімдеді.
Қазанның 26-сы күні Алматы, Нұр-Сұлтан және Қазақстанның тағы бірнеше қаласында оппозициялық қозғалыс митингісі өтеді деген жерлерде полиция оннан астам адамды ұстады.
Өзбекстанда жақында түрмеден босап шыққан бизнесмен 2012 жылы бір топ генерал мемлекеттік төңкеріс жасап, елдің қазіргі президенті Шавкат Мирзияевтің "көзін жоюды" жоспарлаған деп мәлімдеді. Ресми Ташкент әзірге ешқандай реакция білдірген жоқ.
Беларусь заңында кішкентай баланы бағу үшін еңбек демалысы ата-ананың таңдауы бойынша - анасы немесе әкесіне берілетіні жазылған. Могилев қаласының тұрғыны Антон Греков заңда көрсетілген құқығын пайдаланбақ болғаннан кейін жұмыссыз қалғанын айтады.
Өзбекстаннан Ресейге жұмыс іздеп барған жас жігіт әртүрлі кәсіптің басын бір шалып, ақыр соңында бала кезінен үйренген аспаздық өнері кәдеге асқанын айтады. Қазір оның шағын кафесінде өзбекстандықтар да жұмыс істейді.
Түркіменстанда гей жігіт өзі туралы ашық мәлімдеме жасап, қоғамдық талқылау бастағысы келеді
Тағы