Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың негізгі мемлекеттік лауазымдарға кандидаттарды экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев басқаратын қауіпсіздік кеңесінің келісімі бойынша тағайындау туралы жарлығын әділет министрі Марат Бекетаев "көптеген елдерде бар тәжірибе" деп түсіндірді.
Президент Тоқаевтың министрлер мен әкімдерді бұрынғы президент, Қауіпсіздік кеңесінің төрағасының қуаттауымен тағайындау туралы жарлыққа қол қоюы қоғамда дау тудырған жайға айналды.
Украинада "билікті теріс пайдаланған" деген күдікке ілінген қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің бұрынғы лауазымды шенеунігі Олег Гладковский екі айға қамалды. Елдің бұрынғы президенті Петр Порошенконың көп жылдан бергі серігі өзіне тағылған айыпты теріске шығарады.
Халықаралық арбитраж соты Өзбекстан үкіметін Gunes Tekstil Konfeksiyon Sanayi ve Ticaret Ltd түрік кәсіпорнына 40 млн АҚШ доллары көлемінде өтемақы төлеуге міндеттейтін шешім шығарды.
Осы аптада сайтымызда шыққан жеті үздік хикаяны қаперлеріңізге тағы бір мәрте саламыз.
Қазанның 18-і күні Лондон соты Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені, Қазақстан парламенті сенатының қазіргі спикері Дариға Назарбаеваның ұлы Айсұлтан Назарбаевқа бір жыл шартты жаза кесті.
Қазақстан Әлемдік қайырымдылық индексінде 78-орынға ие болды. Рейтингте бөгде адамдарға көмектесу, қайырымдылық жасау және еріктілер жұмысына қатысу жиіліктері назарға алынды.
Екі жыл бұрын Сооронбай Жээнбеков президент сайлауында жеңіске жетті. Осы уақыт ішінде саяси алаңда елеулі оқиғалар өтіп, бұрынғы серіктері бітіспес қарсыласына айналды.
Украина әскері мен сепаратистер арасындағы соғыс аймағында өмір сүріп жатқан үш сәби «үйіміз жөнделіп, атыс дауысы естілмесе екен» деп дұға жасайды. Әкелері зағип болып қалған.
Новосибирск қаласының тұрғыны Ирина Верхградская бірегей қуыршақтар коллекциясын жасады. Шебер жасаған қуыршақтар Совет заманын еске салады.
Каталонияда аймақ тәуелсіздігін қолдаған тоғыз адамның үстінен Испанияның Жоғарғы соты шығарған үкімге жаппай наразылық жалғасып жатыр. Манифестанттар мен күш құрылымдары арасындағы қақтығыстан зардап шеккен ондаған адамның арасында полиция қызметкерлері де бар. Ондаған наразы ұсталған.
Алматыда белсенді Асхат Жексебаев «Қазатомпром» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы, қазір қамауда отырған Мұхтар Жәкішевті қолдап, бүгін он бірінші күн бір адамдық пикет өткізді.
Өзбек әншісі Санжар Жавбердиев сақалына бола мемлекеттік арналар мен қоғамдық орындарда концерт беруден шеттетілгенін айтып президент Шавкат Мирзияевтан көмек сұрады. Әнші үндеуін елде сақал мен хиджабқа қарсы науқан басталған шақта жасады.
Қыс түссе көмір түтіні сейілмейтін Қазақстан астанасын билік келесі жылы газбен қамтамасыз етуге уәде берді. Қазір магистральді газ құбыры Нұр-Сұлтанның іргесіне тақаған. Осыдан екі жыл бұрын билік орындары қаладағы жеке меншік үйлер 2019 жылы газ желісіне қосылады деп мәлімдеген.
Өзбекстанның Сырдария облысында мақта теруге жіберілген екі сарбазды трактор басып, мерт қылған. Биліктің берген уәдесіне қарамастан, елде азаматтарды мақта алқабында жұмыс істеуге мәжбүрлеу тыйылмай отыр.
Тәжікстан жоғарғы соты эмиграциядағы тәжік оппозиционерлерін біріктірген Тәжікстан ұлттық альянсын "экстремистік және террористік ұйым" деп танып, тыйым салды. Альянс өкілдері билік негізсіз шешім қабылдады деп санайды.
"Қазақ-қытай шекарасын кесіп, бергі бетке өткен" Шыңжаң қазақтары Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлын 14 қазанда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі әкетті.
Сириядағы Рож және әл-Хол лагерьлерінде балаларымен бірге отырған тәжік содырларының жесірлері Анкараның әскери операциясының кесірінен босқындарға аштық пен өлім қаупі төнгенін айтады. Душанбе Таяу Шығыстан азаматтарын елге қайтару жоспарына түрік әскерінің Сирияға енуі бөгет жасағанын хабарлады.
Осы аптада аймақ басылымдары жаңа саяси партия ретінде тіркелмек болып отырған "Республика" қозғалысының аймаққа сапары туралы жазды.
Тағы