ЮНЕСКО сарапшыларын Ресей аннексиялаған Қырымдағы бүкіләлемдік рухани мұралар тізіміне енген және осы тізімге қосылуы ықтимал тарихи нысандардың қазіргі жай-күйі толғандырады. Жергілікті сарапшылар ескерткіштерді жөндеу жұмыстары барысында тиісті ережелер мен талаптар сақталмаған дейді.
Түркия Сирияның солтүстік-шығысына әскер кіргізіп, күрд жасақтарына қарсы операция бастамақ.
Осы аптада сайтымызда шыққан жеті үздік хикаяны қаперлеріңізге тағы бір мәрте саламыз.
АҚШ президенті Дональд Трамп Қытайдан демократтардың атынан президент сайлауына түсуді жоспарлайтын Джо Байден мен оның ұлы Хантерге қатысты тексеру жүргізуді ашық түрде сұрады.
Тәжікстанда 28 жылға сотталып, түрмеде отырған адвокат Бузургмехр Ёровқа Вацлав Гавел атындағы диплом берілді. Страсбургте өткен марапаттау рәсіміне қатысқан оның туысы Жамшед Ёров Азаттық тілшісіне берген сұқбатында түрмедегі інісінің жағдайы туралы айтып берді.
"Өгей әкесі соққыға жыққан" бүлдіршін қаза тапты. ЖСДП-дағы дау. Иракта билікке қарсы наразылық болып жатыр. "ҚДТ жұмысына қатысты" деп айыпталған үш әйелдің қамау мерзімі ұзарды.
Бұрынғы олигарх және саяси тұтқын, Ресей президенті Владимир Путинді сынайтын Михаил Ходорковский Азаттықа берген сұқбатында биліктің ауысуы автократияны неліктен әлсірететінін айтып, экс-президенті билікке ықпал етіп отыр деп санайтын Қазақстанды мысалға келтіреді.
Азаттықтың Қырғыз қызметінің фототілшісі Гүлжан Тұрдыбаева Қазақстанның Шу станциясы мен Нұр-Сұлтан қаласы арасында пойыз жолаушыларының сапарын фотосуретке түсірген. Қырғызстандық тілші плацкарт вагондағы жолаушылардың ұзақ жолды қалай өткізетінін, оларға қандай жағдай жасалғанын көрсеткен.
Нұр-Сұлтан қаласындағы "Махаббат" және "Махаббат-2" тұрғын үй кешендерінің тұрғындары "баспанасыз қалатын болдық" деп әкімдікке жиналды. "Заңсыз митингі ұйымдастырды" деп қамалғандар босап шыға бастады. "Атажұрт еріктілерінің" жағдайы.
Ресей аннексиялаған Қырымнан бастап Орталық Азиядағы постсоветтік елдерді қамтитын аймақта авторитарлық режимдер биліктің адам құқығын сақтамайтыны жайлы халықаралық пікірсайыстарға ықпал ету мақсатында жасанды үкіметтік емес ұйымдар құрып алған.
Тәжікстан парламенті Қытай инвесторларына күміс кен орнын беру туралы шешімді мақұлдады. Үкімет кенішті игеретін шетел компаниясын жеті жылға салықтан босатты. Кей сарапшылар Тәжікстан бюджеті қаржыдан қағылуы мүмкін деп санайды.
Қазанның 1-і күні Қытай Коммунистік партияның 70 жылдығын Пекинде әскери шеру өткізіп, атап өтті. Пекин шерулетіп жатқанда Қытайға жартылай бағынатын Гонконг халқы наразылық білдірді.
Шымкент соты "митингіге рұқсат бермеген" әкімдік қаулысын заңсыз деп тапты. "Нұр Отан" мен белсенділер арасындағы сот басталды. Қытай коммунистік партияның 70 жылдығын атап өтті.
Қазанның 1-і күні Қытай халық республикасы 70 жылдығын Пекинде әскери шеру өткізіп, атап өтті. Пекин шерулетіп жатқанда Қытайға жартылай бағынатын Гонконг халқы наразылық білдірді.
«Нұр Отан» партиясы «жалған ақпарат таратып, іскерлік беделіне нұқсан келтірген» үш белсендіден 20 миллион теңге моральдық шығын талап етті. Белсенділер айыпты жоққа шығарып, «әуреге түспей шағымды қайтарып алуды» сұрады.
Өзбекстанда Ферғана облысының басшысы "әйелдердің орамал байлап, ерлердің сапситып сақал қоюы экстремизмнің жайылуына септеседі" деген сөзі үшін кешірім сұрады.
Сот үкіміне наразылар Тоқаев пен Назарбаевқа үндеу жолдады. Норвегияда ұсталған қазақстандықтардың көбі елге келді.
Варшавада ЕҚЫҰ-ның адам құқығы өлшемдері жиынында қарақалпақ белсендісі Бахтияр Ниетуллаев Өзбекстан билігін "Қарақалпақстан әйелдерін күштеп стерилизациядан өткізеді" деп айыптады. Өзбекстан билігі Азаттыққа бұл мәселе туралы пікір білдіруден бас тартты.
Әлемнің 24 елінің 65 қаласында өткен Гонконгтегі наразыларды қолдау акциясына Нұр-Сұлтан мен Алматы да қосылды.
Тағы