10 маусымда полиция Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте ондаған адамды ұстады. Елде полиция күзеті күшейген. Алматыдағы полиция адамдарды қалай ұстады? Reuters агенттігінің видеосы.
10 маусымда полиция Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте ондаған адамды ұстады. Елде полиция күзеті күшейген.
ОСК президент сайлауында "Нұр Отан" партиясы кандидаты Қасым-Жомарт Тоқаевтың 70 пайыздан артық дауыс жиғанын жариялады. Тоқаевты ресми ақпарат шықпай тұрып құттықтап үлгерген кандидат Әміржан Қосановтың қылығы жақтаушыларына жақпай қалды. Бақылаушылар сайлауда бұрмалаушылық көп тіркелгенін айтады.
9 маусымда полиция Алматыда наразылық шарасы кезінде жүздеген адамды ұстады. ІІМ мәлімдеуінше, полиция заңға сай әрекет еткен.
Жазуды "өшіретін" қаламсап, алдын ала белгіленген бюллетень. Сайлау күні әлеуметтік желіде тараған видеолар.
Қазақстан президентін сайлауы күні полиция Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте жүзден астам адамды ұстады. Осы күні бірнеше сағат интернет жұмысы баяулады.
ІІМ дерегінше, 9 маусымда Қазақстанда рұқсат етілмеген митинг ұйымдастырып, қатысқаны үшін шамамен жүз шақты адам ұсталды.
Қырғызстанның Шу облысы басшысы Туйгуналы Абдраимовтың қоғамдық маңызы бар мәселе жайлы сұрақ қойған журналистің "түрін ұнатпайтыны" жайлы айтқан сөзі әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Шенеуніктің қылығын "этикаға қайшы" деп қабылдап, оны қызметтен кетуге шақырғандар көбейіп жатыр.
Қырғызстандағы Төменгі Орок ауылында Ораза айт намазынан кейін жасөспірімдер арасында шыққан жанжалдың соңы тәртіпсіздікке ұласты. Ресми мәлімет бойынша, оннан астам үйге зиян келген. Билік оқиғадан ұлтаралық сипат іздеуге еш негіз жоқ дейді.
Қазақстан территориясының 3,3 пайызы ғана қорықтар, ұлттық парк, ботаникалық бақ, резерват ретінде ерекше қорғалады. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан әлем бойынша 135-орында тұр.
Маусымның 4-і күні Нұр-Сұлтанда ондаған адам «Нұр Отан» партиясының алдына келіп, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуді талап етті. Сот шешіміне наразыларға Тоқаев шыққан жоқ. Партия өкілдері президенттің ел аралап жүргенін айтты.
Қытайдың Тяньаньмэнь алаңында болған наразылықтың 30 жылдығы қарсаңында АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Пекин адам құқығын бұзуды әлі жалғастырып жатыр деп сынады. Помпео мәлімдемесіне Қытайдың АҚШ-тағы елшілігі жауап беріп, оның сөзін жоққа шығарды.
Маусымның 1-і күні Ресейдің Дзержинск қаласындағы химиялық зауытта жарылыс болып, 85 адам зардап шекті.
Осы аптада аймақ баспасөзі Қарағандыда кісі қолынан қаза тапқан белсенді Ғалы Бақтыбаев жайлы жазды. Жергілікті басылымдар сонымен бірге Оралда сайлауды бақылайтын тәуелсіз орталық құрылғанын хабарлап, Ресеймен шекаралас аймақтағы қазақ ауылының тіршілігіне тоқталды.
Алматы облысы Жаңалық ауылында репрессия жылдары атылған 168 адамның сүйегі қайта жерленді. Сүйектерді өткен жылы ауыл тұрғыны ауласынан тауып алған. Бұл адамдардың репрессия кезінде атылғанын сот сараптамасы анықтаған.
Қазақстан президенттігіне кандидаттар арасындағы теледебат мемлекеттік "Хабар" арнасынан тікелей эфирде көрсетілді.
Екі жылға жуық уақыттан кейін Михаил Саакашвили Украина аумағына еркін кіріп-шығу мүмкіндігіне ие болды.
Ресейдің Сургут қаласында Сталин мүсінін орнататын жер іздеуге кірісті. Совет билігі тұсында жер аударылғандардың ұрпағы бұл бастамаға қарсы.
Қырғызстан социал-демократиялық партиясы саяси кеңесі елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың оққағары Дамир Мусакаевты бас бостандығынан айыру туралы сот үкімінің саяси астары бар деп мәлімдеді. Алайда кейбіреулер сот әділ үкім шығарды деп санайды.
Индонезия астанасы Джакартада мыңдаған адам екінші рет сайланған президент Джоко Видодоға қарсы наразылыққа шықты. Наразылық кезінде алты адам қаза тауып, 200-ге жуық адам жараланған.
Тағы