Қазақстанда түрлі деңгейдегі саяси билікті сынайтын, адам құқығы бұзылған фактілерді әшкерелейтін екі журналист — Вадим Борейко мен Асхат Ниязовтың, сондай-ақ жемқорлық туралы айтатын қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың Instagram-дағы жүздеген мың адам оқитын парақшалары бір күнде өшірілді.
Қытай туын өртеген "Атажұрт" ұйымының белсенділері қылмыстық жауапқа тартылмақ. | Билікті сынайтын бір блогер мен екі журналистің инстаграм парақтары бұғатталып қалды. | Астанада ЛГБТ өкілдері отырған жерден тағы да шу шықты. Әлдекімдер арандатып жүр ме?
Алматы облысында "Қытай туын өртегені" үшін әкімшілік жауапқа тартылған 18 адамға енді "алауыздық қоздыру" айыбы тағылмақ. Сот оларды тергеу ісі сараланғанға дейін 10 күнге қамауға алуға санкция берді. Адвокат күдікке ілінгендердің іс-әрекетінде қылмыс құрамы жоқ дейді.
Қорғаныс министрі сарбаздар өлімі туралы сұраққа күле жауап бергені жұрттың шамына тиді. | Астанадағы фельдшердің қазасы жедел жәрдем қызметкерлерінің жалақы өсіруді талап етуіне түрткі болды. | Жұмыс күнін қазақша ән тыңдап бастаған Армения премьер-министрін Қазақстан президенті Ақордада қарсы алды
Украина президенті АҚШ ұсынған соғысты тоқтату жоспарын қарап жатқанын, ол бойынша «қатаң мәлімдеме жасамайтынын» айтты. Ал Ресей президенті Украина әскерилерінің «қаруды тастап, берілуіне мүмкіндік жасау» туралы нұсқау берді. Шабуыл жалғасып жатыр.
АҚШ Ресей-Украина соғысын тоқтату бойынша жаңа жоспар ұсынғаны хабарланды. Ол бойынша Украина біраз жерінен бас тартып, әскерін қысқартуы тиіс. Сарапшылар Украина «бұл шартқа көне қоймас» дейді. Екі тарап бір-бірін әуеден атқылап жатыр. Украинаның Тенополь қаласында қаралы күн.
Қазақ тілінде сөйлеуді талап етіп, істі болған блогердің жақтастары араша сұрап Астанада жүр. Қазақстандағы 20 аймақтың үшеуі ғана өз шығынын жаба алады. Қалған облыстар ортақ қазанға қол созады. Батыс басылымдары АҚШ Украинаны Ресейге жер беруге мәжбүрлеуі мүмкін екенін жазып жатыр.
Қазақстанда полиция тағы бір азаматтық белсендіні қамауға алып, үйін тінтті. "Проект медиа" жобасы экс-президент Назарбаевтың Мәскеудегі саяжайын анықтады. АҚШ конгресі қоғам талап еткен Эпштейн құжаттарын түгел жариялауға келісті.
АҚШ пен Ресей Украиндағы соғысты тоқтау үшін Киевсіз бейбітшілік жоспарын жазып жатқаны хабарланды. Ресей әскері Украинаның Тенополь қаласына шабуылдап, 10 адам қаза тапты. Покровск және Мирноград қаласы үшін соғысып жатқан Украина әскеріне тілшіміз барып қайтты.
Қырғызстанда қытай және қырғыз жұмысшылары арасындағы төбелес әлеуметтік желіде Қытайға деген наразылықты күшейтті.
Құрғақшылық қысқан Иранда енді тасқын болып жатыр Иранда кейінгі бес жылда болмаған ауыр құрғақшылық болған соң билік жасанды жолмен жаңбыр жаудыру әдісін қолданған. Осыдан соң елдің бірнеше аймағында су тасқыны болды.
Франция алдағы он жылда Украинаға «Рафаль» әскери ұшағының 100 данасын бермек. Бұл келісімге Украина президенті Владимир Зеленский мен Франция басшысы Эммануэль Макрон қол қойды. Бұл ұшақпен жақынырақ танысайық.
Қазақстанда маусымдық жұқпалы аурулар ауыр өтіп жатқанына шағынғандар көп. Вирус жұқтырғандар қызу оңайшылықпен түспейтінін, құрғақ жөтел қысып жатқанын айтады. Денсаулық сақтау министрлігі вирустық инфекция жұқтырудың тіркелуі былтырғыдан төмен екенін айтты.
Ресей түнде Украинаны зымыранмен және дронмен атқылады, Украина да қарымта жауап берді. Ал Франция Украинаны «Еуропаның алғы шебі» деп атап, 100 жойғыш ұшақ беретінін айтты, Кремль мұны «бейбітшілікке бастамайтын қадам» деп сипаттады.
Түркістан облысында үй өртеніп, ағайынды екі адамның отбасы түгел мерт болды. Қазақстанда тұмау жұқтырғандар көбейді. Адамдар дәрі-дәрмек іздеп әуреге түсіп жатыр. Бангладештегі наразылықта халыққа оқ атқызды делінген экс-премьер-министрді сот өлім жазасына кесті.
Түркістан облысы Жетісай ауданы Алғабас ауылындағы жекеменшік үй өртеніп, 12 адам қаза болды, тоғызы – кәмелетке толмаған бала. Өрттен қатты зардап шеккен үш адам аурухана жеткізілген. Бұлардың бәрі – бір әулеттің адамдары дейді ауылдастары. Үкімет өрт себебін анықтау үшін комиссия құрды.
АҚШ президенті Дональд Трамп Ресеймен сауда-саттық жасайтын елдерге қарсы санкция салуды көздейтін заң жобасын қолдайтынын мәлімдеді. Бұл тізімге Иран да кіруі мүмкін. Ал Украина Грекиямен сұйытылған газ тасымалы бойынша келісімге келді. Алғашқы тасымал желтоқсанда басталмақ.
Тағы