АҚШ-та мемлекеттік қызмет бойынша сайлауға түсіп жатқан әйелдердің саны күрт артты. Штат және федерация деңгейінде өтетін биылғы сайлаудың басты ерекшелігі осы. Қарашаның 6-сы күні өкілдер палатасындағы 435 орынға, сенаттағы 35 орынға, 33 штаттың губернаторлығына және бірқатар штаттың заң шығару органдарына сайлау өтеді.
БҰҰ Бас Ассамблеясында сөйлеген сөзінде Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков су-энергетика ресурстарын пайдаланудың жаңа тәсілдерін әзірлеу қажеттігі туралы айтты. Ал Қырғыз парламентінде көрші елдерге су сату туралы бастама тағы да көтерілді.
Өзбекстанның Бас прокуратурасы елдің бұрынғы президенті Ислам Каримовтың түрмеде жатқан қызы Гүлнара Каримова қамаудан босап, Дубайдағы қымбат қонақүйге орналасты деген ақпаратты жоққа шығарды.
Табиғи апаттан шамамен 2500 адам жарақат алған. Жүзден астам адам із-түзсіз жоғалған. Елде құтқару-іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.
"Қырғыз темір жолы" мемлекеттік компаниясына қатысты жанжалдан соң кәсіпорынның бас директоры Алмазбек Ногойбаев қызметінен кетті. Азаттыққа жауабында ол сырқатына байланысты уақытша еңбекке жарамсыз екенін, өзіне қатысты жаңалықты интернеттен білгенін айтты.
Азаттық радиосы мен The Bellingcat зерттеу тобы ашық дереккөздерден Ұлыбританияда Сергей және Юлия Скрипальдерді "Новичок" газымен улауға күдікті саналатын Руслан Бошировқа қатты ұқсайтын Анатолий Владимирович Чепиганың бұрын БАҚ бетінде жарияланбаған тағы бір суретін тапты.
Ұлттық жиналыс ғимаратының алдында премьер-министр Никол Пашинянның қолдаушылары жиналып, парламент регламенті туралы заң жобасына қарсылық білдірді.
Индонезияның Сулавеси аралында болған жойқын жер сілкінісі мен соның салдарынан болған биіктігі 3 метрден асатын цунамиден қаза тапқандардың саны 1200-ден асты. Құрбандар саны бұдан да көп болуы мүмкін – көшкін шайып кетуі мүмкін таудағы шалғай ауылдарға құтқарушылар әлі жетпеді.
Медицина бойынша Нобель сыйлығы америкалық ғалым Джеймс Аллисон және Тасуку Хондзёге берілді. Екі ғалым рак жасушаларының дамуын баяулататын әдістер ойлап тапқан.
Соғысқа кеткен қазақтар қоғамға қайта сіңіп кете ала ма? Олар не үшін Сирия мен Ауғанстанға кетті?
Bellingcat сайты Скрипальды улаушылардың бірі деген күдікті Руслан Бошировтың Амурск тумасы екенін, жергілікті әскери училищеде офицерлік білім алғанын анықтады.
Күнделікті қарбалас шаруамен жүріп Азаттықтың маңызды мақалаларын, видеорепортаждарын, фотогалереяларын көрмей қалуыңыз мүмкін. Осы аптада сайтымызда шыққан жеті үздік хикаяны тағы бір мәрте қаперлеріңізге саламыз.
Украиналық ақын Владимир Сосюраның әйелі Мария ерінің төңірегіндегі жағдай туралы сөз тасып, құпия хаттар жазып отырған; оның таныстары мен танымал украин әдебиетшілері тұрған "Ролит" үйіндегі тұрғындардың не айтып, не қойғанын – бәрін жеткізген.
28 қыркүйек - классик жазушы, "Абай жолы" романының авторы Мұхтар Әуезовтің туған күні.
Әлемдік мұнай нарығында өзара бәсекелестігі күшейіп, соңғы кездері Ресей-Иран қарым-қатынасын ушықтыратын оқиғалар көбейсе де, Мәскеу мен Тегеран мәжбүрлі түрде стратегиялық серіктес болып қалады, бұл алдымен Сириядағы жағдайға байланысты.
The Insider мен The Bellingcat зерттеушілері Солсберидегі Скрипальдарды улауға күдіктілердің бірі "Руслан Бошировтің" ГРУ полковнигі Анатолий Чепига екенін анықтағанын жазады.
Өнеріне тыйым салынған рэпер Young Zapik-тың "Хиджаб киген қыз" әні ел ішіне тез тарап кетті. Бұл ән әйелдердің қоғамдық орында мұсылман дәстүрімен киініп жүруіне тыйым салған заңға қарсылық ретінде жазылған.
Қырғызстанның Еңбек және әлеуметтік даму вице-министрінің қатысы бар оқиға Сеул әуежайында Air Astana әуе компаниясы жолаушылар ұшағының кестедегі уақытынан кешігуіне себеп болғаннан кейін қырғыз парламенті мен қоғамында шенеуніктердің шетелге сапарлары мен этика мәселесі талқыға түсті.
Ресми дерек бойынша, Сириядағы соғысқа Қазақстаннан алты жүзге жуық адам кеткен. Олардың арасында Жезқазған аймағының тұрғындары да бар. Олар не үшін Сирияға кетті? Елге оралса қоғамға қайта сіңіп кете ала ма? Ата-анасымен Сирияға кеткен балалардың тағдыры не болмақ?
Тағы