АҚШ Ресейге жаңа санкциялар салатынын хабарлады. Санкциялардың үшінші легі алдыңғысынан анағұрлым қатал. ЕО да Мәскеуге қысымды күшейтетінін мәлімдеді. Бұдан нендей нәтиже шығуы мүмкін?
Украина шығысында Малайзия жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына қатысты әлемде түрлі реакция болып жатыр. Қазақстанмен қоса, бірнеше ел ұшақтарына Украина арқылы ұшуға тыйым салды.
Ирак күрдтері тәуелсіздік туралы жиі айта бастады. Бірақ олар дербес мемлекет болып бөлінуді емес, Ирактың құрамында қала отырып құқықтарын кеңейтуді және жерін ұлғайтуды көздейтін сыңайлы.
Бостондағы терактілерді тексеруге кедергі келтірді деп айыпталған қазақстандық студенттің ісі бойынша тараптар жарыссөздері басталған күні сотқа жарылыста жараланғандардың туыстары да қатысты.
Ресейлік белсенді Александра Духанина 2012 жылы 6 мамырда Мәскеудегі Болотный алаңында тұтқындалған кезде 18 жаста еді. Кейін сот оны екі жылға үйқамақта отыруға кесті.
Мәскеу екі журналистің өліміне қатысы бар деген күдікпен тұтқында ұстап отырған украиналық әскери ұшқыш Савченконың жақындарымен және Украинаның ресми өкілдерімен жүздесуіне рұқсат бермейді.
Бостон марафоны кезіндегі терактілерді тексеруге кедергі келтірді деп айыпталған қазақстандық студент Азамат Тәжаяқовтың ісі бойынша сотта үзіліс жарияланды. Бұдан соң тараптар жарыссөзге көшеді.
Малала күні, яғни қыздардың білім алуы жолында күресіп жүрген пәкістандық қыз Малала Юсуфзайдың туған күні 14 шілдеде аталып өтті. Осы белсенділігі үшін содырлар 2012 жылы оған қастандық та жасаған.
Қызыл тілге жүйрік Беларусь президенті Александр Лукашенконың кейде ойланбай сөйлеп жіберетіні де бар. Азаттық жиырма жыл билікте отырған басшының айтқан сөздеріне шолу жасады.
Алдағы жылы күшіне енетін жаңа қылмыстық кодексте кейбір тұрмыстық қылмыстарға жаза жұмсартылып, саяси деп аталатын баптарда жауапкершілік қатайтылған.
Украинаның шығысындағы қарулы қақтығысқа өз еркімен барған армениялық азамат ол жақтан неге кетіп қалғанын айтты.
Тәжікстанның әрбір төртінші азаматы күнкөріс қамымен Ресейде жүр. Олар бұл елде өздерін бөтенсінетін әлеуметтік ортада оқшау тіршілік кешіп жатыр.
Ресейдің мемлекеттік телеарналары «Прагадағы өнер галереясына Украинадағы ресейшіл сепаратистерді қолдауға арналған көрме қойылғанын» үлкен жаңалық етіп хабарлады.
Тегеран қара жамылды. Ислам революциясы көсемдерінің бірі, белгілі сот Аятолла Мохаммади Гилани өмірден озды. Бірақ оның қарсыластарын аяусыз жазалағаны ел есінде мәңгі қалатын сияқты.
Ресей соты украиналық ұшқышты соттамақ. Одан бөлек, Мәскеу Украина ішкі істер министрі мен облыс губернаторын тұтқындау керек дейді. Екі ел арасын осы жағдайлар одан бетер ашып барады.
Азаттық тілшісі Қырымда ұсталып, Мәскеуге жеткізілген белсенділер Олег Сенцов пен Александр Кольченконың адвокаттарымен сұхбаттасты.
Совет Одағында КГБ-ның бас архившісі болған Василий Митрохин он шақты жыл бойы мыңдаған құжатты жинап, буып-түйіп отырған. 1992 жылы ол Ұлыбританияға қашты.
Ресей думасы кабель және спутник телеарналарына жарнама беруге тыйым салатын заң жобасын мақұлдап, жұртты таң-тамаша қалдырды. Бұл заң әсіресе тәуелсіз телеарналарға ауыр соққы болып тиді.
Ресеймен бұрыннан тату болып келе жатқан Сербия енді Еуропа Одағына қосылғысы келеді. Бірақ Мәскеу «ағасы» бұған не дер екен?
Оны АҚШ-та ескі дипломатиялық мектептің кәсіби өкілі деп біледі. Ал Ресейде оны Грузия мен Украинадағы «түрлі-түсті төңкерістердің» басты ұйымдастырушысы деп есептейді.
Тағы