Ресей қосып алған Қырым биылғы туристік маусымда үлкен шығынға батып отыр. Демалушылар аздығы Қырымның бұрыннан әлсіз экономикасын одан әрі тұқыртқандай болды.
Қазақстан туризм саласын дамытуға миллиардтаған доллар ақша құйып жатыр. Бірақ туристердің сүйікті мекеніне айналу үшін әлі талай шаруа атқару керек.
Маусымның 27-сі күні Украина, Грузия және Молдова Еуропа Одағымен (ЕО) серіктестік жайындағы шарттарға қол қойды. Ресей «мұның зардабы ауыр боларын» айтады.
Ресей президенті Владимир Путин 30 маусымда «экстремистік» деп танылған материалдарды интернетте қайтара басқан азаматтарды соттау туралы заңға қол қойды.
Ресей жастарының жаңадан құрылған «Сеть» ұйымы білімді және қалалық жастарды қатарына қосуды мақсат етеді. Олар Путинді пір тұтады.
Деректер бойынша, Иран одақтасы - Ирак премьер-министрі Нури әл-Мәликиге жәрдем үшін бірнеше әскери ұшақ жіберген. Содырлармен соғысып жатқан Иракқа Иран шиит жасақтарын аттандыруы мүмкін.
Украинадағы танымал ақпарат көзінің бірі – елдің ішкі істер министрі Арсен Аваковтың Facebook парақшасы. Бірақ оның жазғандарын балалардың оқымағаны жөн.
Президент сайлауынан соңғы дау елді тұйыққа тіреді. Жақын арада Кабулда жағдайдың қалай өзгеретініне қатысты Азаттықтың бірнеше болжамы бар.
Беларусь президенті Александр Лукашенко осыған дейін белорусша сөйлеуді бойына шақ көрмей келген. Осы аптада ол дүйім жұртты таңғалдырып, 20 жылдан кейін ана тілінде сөйледі.
Иранда халық санын көбейту мақсатында азаматтарды бала туу қабілетінен хирургиялық тәсілмен айыруға тыйым салынбақ. Бұл заң ел ішінде қызу пікірталас тудырды.
Фильм, кино және БАҚ-та балағат сөздер айтуға тыйым салатын Ресейдегі жаңа заң сөз мамандарын қапаландырып отыр. Олар «тұздықты» сөздер орыс тілін байытатын құралдың бірі дейді.
Ресей газының қай елге қандай бағамен сатылып жатқанына қарап-ақ бұл елдің саясатын аңғару қиын емес.
Азаттықтың арнайы тілшісі Андрей Бабицкий Украинаның Луганск және Донецк қалаларына барып қайтты.
Сирия мен Ирактың өздері жаулап алған аймағында ислам халифатын құрғандарын мәлімдеген «Ирак және Шамдағы ислам мемлекеті» ұйымы туралы Азаттық зерттеп көрді.
Ресейшіл сепаратистер күн сайын ағылшын тілінде видео шығарады, Facebook-те кем дегенде төрт тілде жазады. Бұдан олардың орыстілді елдерден бөлек, басқа да әлемнен қолдаушылар іздейтіні байқалады.
Ресейдің Пермь облысының белсенділері совет заманындағы репрессия құрбандарына арналған ГУЛАГ мұражайына қарсы жүйелі түрде жасалып жатқан шабуылға қарсылық білдіретін шараны бастады.
Қазақша күрес турнирінің Қазақстандағы шетелдік тележобалардан асып түскен алғашқы жергілікті шоуға айналар түрі бар. Ұйымдастырушылар жобаны биыл 20 миллион телекөрермен тамашалағанын айтады.
Ресейде кафе мен барларда шылым шегуге тыйым салатын заң күшіне енді, оған қатысты тұрғындар қарама-қайшы көзқарас ұстанады.
Исламшыл күштер Иракқа тамыр жая бастаған қазіргі сәтте аймақтағы және әлемдегі державалар жаңа қатерден сақтану үшін сыртқы саясатын қайта қарап жатыр.
«Оңтүстік ағыс» газ құбыры австриялық бөлігінің құрылысын бастау жайлы Венада қол қойылған келісім Еуропаның тұтастығына нұқсан келтіреді. Бірақ Мәскеу үшін бұл символдық жеңіс болуы мүмкін.
Тағы