Шешенстанда әйгілі болған «Восток» батальоны шығыс Украинадағы ұрысқа қатысып жатыр. Бұл батальонның мазасыз аймақта не істеп жүргені туралы түрлі жорамал бар.
Ауғанстан президенті Хамид Карзай АҚШ әскерінің елден кетуін толық қолдайды. Алайда жұрттың көбі әскер кеткен соң жағдай ушыға ма деп алаңдайды.
Киевтің жаңа мэрі Виталий Кличконың кезек күттірмейтін міндеті – қала тірлігін қалыпты арнаға түсіру. Бірақ бұл – көп шаруаның басы ғана.
Тәжікстанның Таулы Бадахшан облысында үкіметке қарсы шерулер тоқтатамай тұр. Билік «наразылық төрт адам қаза тапқан атыстан кейін басталды, оқиғаны зерттеп жатырмыз» дейді. Ал шерушілер талабы көп.
Украинаның шығысындағы Луганск және Донецк облыстарына журналистік сапармен барып қайтқан Азаттық тілшісі Александра Вагнер аймақтан алған әсерін айтады.
Косово соғысы кезінде 20 мыңдай албан әйелі «зорлық науқанынан» жәбір көрді. Бірақ олардың жүз шақтысы ғана мемлекеттен жәрдем алған.
Украина президенті Петр Порошенко жұмысын сепаратистермен қақтығыс болып жатқан Донбасс аймағына барудан бастамақ. Ондағы жұрт қандай арыз айтуы мүмкін?
Астанада Қазақстан, Ресей және Беларусь басшылары экономикалық одақ келісімін бекіткен сәттен бастап Азаттық вебсайтының кей мақалаларын Қазақстан аумағынан оқу мүмкін болмады.
Алматыда орталық алаңды полиция қоршап тұр. Астанада «ұсақ бұзақылық» үшін тағы бір белсенді екі тәулікке қамалды. Екі қалада ЕАЭО келісіміне қарсы белсенділер шетінен ұсталғаны жайлы әлеуметтік желіде хабарлап жатыр.
Субсидия мен мәжбүрлеу әдісін қатар қолданған Ресей өзі армандайтын еуразиялық интеграцияны тереңдетіп әрі оның ауқымын да кеңейтіп келеді. Ал оған қосылатын елдердің күдігі басым.
Азат Еуропа/Азаттық Радиосы компаниясы Астанадағы Қазақ қызметінің тілшісі мен өзге де журналистерді қамау әрекетін сынап, оларды дереу босатуға шақырды.
Танымал тәжік молдасының Сирияға барып, исламшыл радикалдардың сапында соғысып жүрген тәжіктерді сынаған мәлімдемесі олардың біріне ұнамады.
Ауғанстанның солтүстігінде ағаш егіп, маңайын бау-бақшаға айналдырған үйсіз-күйсіз қария өмір сүреді.
Астанада Еуразия Одағына қарсы жиынға қатысқан бірнеше белсенді мен хабар дайындауға барған Азаттық тілшісі "ұсақ бұзақылық жасады" деген айыппен қамауға алынды.
Мәскеу полициясы оппозициялық журналист Алексей Венедиктовтің қаржылық әрекеттерін тексере бастады. Оның жақтастары мұны «өш алу» немесе «тәуелсіз БАҚ-ты қудалау» деп бағалайды.
Украинадағы демократиялық өзгерістің символына айналған Киевтің бас алаңы - Майданға шатыр тігіп жатқандардың тез тарап кеткісі жоқ.
Украина сайлау комиссиясы Петр Порошенконың президент болып сайланғанын хабарлады. Оның қызметіне кірісе сала атқаратын басты міндеттері қандай болмақ?
Антисемиттік сөздерімен жанжалға ілігіп, абыройынан айырылған британдық модельер Джон Гальяно Мәскеудегі ресейлік косметика компаниясының креатив директоры болды.
Бүкіләлемдік ұйғыр конгресінің қуғындағы басшысы Рәбия Қадыр «Азат Азия» радиосына берген сұхбатында Шыңжаңдағы жарылыс пен аймақтағы шиеленіскен ахуал жайлы пікірімен бөлісті.
Украинаның ішкі ісіне араласатындай мүмкіндік Ресейде әлі де жетерлік. Бірақ дауыс берушілер көп келген президент сайлауында Петр Порошенконың жеңіске жетуі Киевтің тиімді қарсылық көрсетуіне сеп бола алады.
Тағы