Accessibility links

Порошенконы күтіп тұрған шаруа көп


Петр Порошенко. Киев, 25 мамыр 2014 жыл.
Петр Порошенко. Киев, 25 мамыр 2014 жыл.

Украина сайлау комиссиясы Петр Порошенконың президент болып сайланғанын хабарлады. Оның қызметіне кірісе сала атқаратын басты міндеттері қандай болмақ?

«Шоколад магнаты» Петр Порошенко Украинада мамырдың 25-і күні өткен президент сайлауында жеңіп шықты. Жаңа президент енді қордаланып қалған мәселелерді шешуге кірісуі тиіс. Олардың дені елді экономикалық, саяси және геосаяси дағдарыстардан шығаруға байланысты.

ЗАҢДЫЛЫҚ

Порошенконың мойындалған сайлау арқылы президент болуы – Украина үкіметінің заңдылығын нығайтуға жасалған маңызды қадам. Ақпан айында президент Виктор Янукович биліктен қуылғалы бері Мәскеу Украинадағы жаңа үкіметті заңсыз деп келген. «Украинаның заңды президенті – Янукович» деген Мәскеу Киевпен тікелей келіссөздер жүргізуден бас тартқан. Ресей Киевте болған оқиғаларды «мемлекеттік төңкеріс» деп атап, Қырым түбегін аннексиялауға соны да сылтау еткен. Мәскеудің тағы бір көздегені Украинаның шығысы мен оңтүстігіндегі ресейшіл бүлікшілерге қолдау көрсету болатын.

ЭКОНОМИКА

Украинаның экономикасы ең берісі 2012 жылдың ортасынан бері құлдырап келеді. Бюджет дефициті жалпы ішкі өнімнің 12 пайызына теңескен. Ал табыс пен шығынды теңестірудің өзіне 35 миллиард доллар қажет.

Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банк көмектесетіндерін айтқанымен
Украинадағы ақша айырбастау орны. Одесса, 7 мамыр 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
Украинадағы ақша айырбастау орны. Одесса, 7 мамыр 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
елдегі әлеуметтік саясатты қатаңдатуды талап етеді. Мұны Украина халқының жаратпасы анық.

Халықаралық несие институттары мемлекеттік сектордағы жұмыс орындарын 10 пайызға қысқартып, газдың ішкі бағасын 50 пайызға өсіруді ұсынып отыр. Ал украин валютасы 2014 жылдың бірінші тоқсанында 25 пайызға құнсызданып, импорттық тауарлардың бәрі қымбаттаған.

Халықаралық валюта қоры Украина экономикасы 2014 жылы 5 пайызға кемиді деп болжайды. Ал Еуропа қайта құру және даму банкі тіпті 7 пайызға дейін әлсіреуі мүмкін деп болжайды.

ШЫҒЫС ПЕН ОҢТҮСТІК

Порошенко «Ең басты міндетім – соңғы айларда ресейшіл бүлікшілер белсенді болған аймақтардағы жағдайды тұрақтандыру» деп мәлімдеді.

Ол мамырдың 25-і күні Киевте өткен баспасөз конференциясында жұмысты
Донецк әуежайында отырған ресейшілдер. Украина, 26 мамыр 2014 жыл.
Донецк әуежайында отырған ресейшілдер. Украина, 26 мамыр 2014 жыл.
«соғыс, хаос, заңсыздықты тоқтатып, украин жеріне бейбітшілік орнатудан бастайтынын» айтты.

Бірақ Донецк пен Луганск қалаларындағы өзін-өзі жариялаған сепаратистік билік президент сайлауын болдырмауға және беделін түсіруге барын салып бақты. Порошенконың «президент лауазымына ресми түрде ие болысымен Донецк қаласына барамын» дегеніне қарамастан, олар келісімге келетін түр танытпады.

Сайлауға бір күн қалғанда Украинаның шығысы мен оңтүстігіндегі сегіз аймақтың сепаратист лидерлері Новороссия деп аталатын тәуелсіз мемлекет құруды талқылауға жиналды. Аймақтағы бүлікшілерге Ресейдегі одақтастары әлі күнге қомақты қаржылық қолдау көрсетіп отыр. Алайда кейбір сарапшылардың айтуынша, Ресей үкіметі олардан сырт айналып кетуі де мүмкін.

РЕСЕЙМЕН КЕЛІСІМ

Порошенко «Украина үшін ең маңыздысы – Ресеймен қарым-қатынас» деп мәлімдеп, Мәскеумен жаңа қауіпсіздік келісімін талқылағысы келетінін айтты.

Соңғы күндері Киевтегі үкіметтің заңдылығын айлар бойы мойындамай келген Кремль райынан қайтқанға ұқсады.

Бірақ екі елдің ендігі татулығы екі мәселеге тірелетінін ұмытпау керек.
Украина президенті сайлауы қарсаңында Ресей президенті Владимир Путиннің суретін жұмыртқамен атқылап жатқан жұрт. Киев, 24 мамыр 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
Украина президенті сайлауы қарсаңында Ресей президенті Владимир Путиннің суретін жұмыртқамен атқылап жатқан жұрт. Киев, 24 мамыр 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
Біріншіден, Мәскеудің Қырымды аннексиялауын жалпы Украина мойындамайды. Мамырдың 26-сы күні Порошенко «Қырым мәселесін шешу – украин үкіметінің басты міндеттерінің бірі» деді. Ол Қырым мәселесін «түбекті Украинаға қайтару және Қырымдағы украиндарды қорғау» деп сипаттады.

Екіншіден, Мәскеу Украинаның Еуропамен интеграциялануына жол бергісі келмейді. Ресей Украинаның ешқашан НАТО-ға кірмейтініне «кепілдік» алғысы келеді. Мәскеудегі Карнеги орталығының сарапшысы Мария Липман: «Алайда Мәскеудің көңілінен шығатын кепілдіктің не екенін ешкім білмейді» дейді.

Липманның сөзінше, «ол құжат бола ма, Украинадағы жағдай мен оның келешегін Ресейдің бақылауы бола ма, бұл жаңа үкіметпен жүргізілетін жұмыстың өнімділігіне байланысты».

«Ресейдің Украинаға ықпал ететін тетіктері бар. Қазір Ресей соларды белсенді түрде пайдаланып жатыр. Бұған қоса бүгінге дейін Ресейдің Украинадағы жағдайды тұрақтандыратын ниеті болған жоқ» дейді сарапшы.

МАЙДАН ТАЛАПТАРЫ

Порошенко өзін билікке әкелген Майдан қозғалысының да талаптарына мән беруі керек.

Ол бәрінен бұрын Еуропа Одағымен интеграция жөніндегі келісімге қол қоюға асығатын болар. Себебі Януковичтің биліктен құлауы осыған байланысты болатын. Өткен жылдың қарашасында Янукович келісім-шарттан бас тартқан соң
Ресейшіл белсенділер Қырымға Украина парламенті депутаты ретінде барған Петр Порошенкоға (оң жақ шетте) наразылық танытып тұр. Симферополь, 28 ақпан 2014 жыл.
Ресейшіл белсенділер Қырымға Украина парламенті депутаты ретінде барған Петр Порошенкоға (оң жақ шетте) наразылық танытып тұр. Симферополь, 28 ақпан 2014 жыл.
көтерілген қозғалыс ақыры оны биліктен кетіріп тынған. Алайда Порошенконың Еуропаға бетбұрысы шығыс аймақтармен және Мәскеумен қарым-қатынасын күрделендіре түсетіні анық.

Бірақ кей белсенділер Майданға дейін де саяси элита қатарында болған олигархтың президент болып сайланғанына наразы. «Бұл парламентте әлі де бұрынғы адамдар отырғанын білдіреді» дейді олар.

Майдан белсенділері жүйені түбегейлі өзгертуді талап етіп отыр. Ол талаптардың арасында конституциялық реформалар жүргізу, коррупциямен қатаң күресу, Янукович режимі немесе советтік дәуір қылмыстарына байланысы бар шенеуніктерді люстрациялау да бар.

«Халық көшеге Януковичті дәл сондай басқа біреумен ауыстырып қою үшін шыққан жоқ. Бұл мүлдем жеткіліксіз» дейді Майдан белсендісі әрі бұрынғы журналист, люстрация жасауға шақырғандардың басы-қасында жүрген Егор Соболев Азаттыққа берген сұхбатында.

(Азаттық тілшісі Роберт Коалсонның мақаласын ағылшын тілінен аударған – Әзина Мақұлжан).
XS
SM
MD
LG