Қазақстан Ақтаудағы ұшақ апатын зерттеудің алдын ала қорытындысын жариялады. Былтыр 25 желтоқсанда Azerbaijan Airlines ұшағы құлап, 38 адам қаза тапқан. "Азаттық Азия" редакциясы үкімет есебінің тұжырымдарымен танысып, апаттан қаза тапқандардың отбасымен және тірі қалған жолаушылармен сөйлесті.
4 ақпан кешке Қазақстанның көлік министрлігі 2024 жылғы 25 желтоқсанда Ақтау маңында құлаған Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының жолаушы ұшағы апатын тергеудің алдын ала қорытындысын жариялады. Апат салдарынан 38 адам қаза тауып (үшеуі экипаж мүшесі), 29 адам зардап шекті.
- Оралда электр жарығынан үзілген саяжай тұрғындары наразылық білдіріп, жол жапқан. - Үйін қорғау үшін Назарбаевтың суреттерін жапсырған тұрғын қазір қайда? Үй орнына үй алды ма? - Журналист Әсем Жәпішева абақтыдан шықты.
Президент Дональд Трамп әкімшілігі АҚШ-тың халықаралық көмек жөніндегі негізгі ұйымын жабуға бекінген сыңайлы. Бұл шешім Вашингтонның мемлекет шығынын оңтайландыруға бағытталған көптеген қадамдарының бірі болып отыр. Халықаралық гуманитарлық ұйымдар бұл өзгерістің салдары ауыр болады дейді.
АҚШ президенті Дональд Трамп көршілерімен сауда соғысын бастады ма? Кім ұтады, кім зардап шегеді? АҚШ президенті Дональд Трамп көршілерімен сауда соғысын бастады ма?
Қазақстанда Атом электр станциясын кім салады? Ресейлік "Росатом" алақанын ысқылап отыр. Доллардан бас тарту ма? Алдағы екі жыл Астана, Мәскеу, Мниск өзара кедендегі баж салығын рубльмен есептемек. - АҚШ-тағы ұшақ апатынан ешкім тірі қалмады. Тікұшақ жолаушы лайнеріне қалай соғылған?
Батыс санкциясына ілінген Беларустің "Интеграл" кәсіпорны 2022 жылдың наурызынан 2024 жылдың маусымына дейін Ресейге құны 130 миллион еуродан асатын миллиондаған микросхемана жеткізген. Кәсіпорын еуропалық құрал-жабдықтарды Қазақстандағы шағын компания арқылы сатып алған дейді зерттеу авторлары.
Вашингтонда жолаушы ұшағы мен тікұшақ соғылды. Тірі қалғандар туралы дерек жоқ. Еуропа Одағының Ресейге қарсы кезекті санкциясында Қазақстаннан тағы екі компания бар. Болат Назарбаевтың «көмекшісі» делінетін Елдос Қоспаев сотталды. Оны БАҚ «адам жегіш» деп атайды.
Ресейдің Курск облысына соғыс келгелі жүздеген адам іс-түссіз жоғалған. Олардың жақындары бес айдан бері хабар ала алмай отыр. Украина дәрігерлері жараланған солдаттарды қалай емдейді? Украина Ресейді 104 дронмен шабуылдады.
Гүлзипа Жәукерова, Серік Асқаров пен Жанмұрат Аштаев — түрлі жылдары өзін билікке оппозиция санайтын саяси топтар мен қозғалыстар қатарында болып, наразылық акцияларына қатысып жүретін. Екеуі қылмыстық айыппен, бірі әкімшілік айыппен сотқа тартылып, кінәлі деп танылған.
Орталық Азия елдерінде байырғы ұлт өкілдерінің аты-жөндегі орысша жұрнақтан, мәселен, тегіндегі -ов(а) и -ев(а) қосымшасынан арылу үрдісі бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. Әйтсе де, бұған кері процесс те қарқынды жүріп жатыр. "Азаттық Азия" тілшісі жағдайдың жай-жапсарын зерттеп көрді.
Президент көрпеге қарай көсілуді жиі айта бастады. Елде атаулы әлеуметтік көмек алатындардар биыл екі есе көбейіп, миллионға жетпек. Қазақстан үкіметі жанар-жағармай бағасын реттеуге араласпайтын болды. Азат Перуашев «Штрафстаннан» бас тартқаны ма?
Үкімет қосылған құн салығының мөлшері мен оны төлеушілер қатарын көбейтуді ұсынды. Былтыр салықты өсіруге қарсы болған президент биыл қолдау білдіріп, жылдамырақ енгізуді тапсырды. Сарапшылар салық ауыртпашылығы қарапайым тұтынушыға, салықты төлейтін бизнес иелеріне түседі дейді.
- Үкімет қосымша құн салығын көбейтпек. Бұған былтыр қарсы болған президент биыл неге үндемеді? - Жұманғарин мырзаның жұмысы не? Ұлттық экономика министрі кімнің қамын ойлап жүр? - Салық көбейсе базардағы ахуал қалай өзгермек? Үкімет онсыз да шарықтаған бағаны одан ары ушықтырып алмай ма?
28 қаңтарда Астанада үкіметтің кеңейтілген отырысында елде атом электр станциясын салу жоспары бойынша қандай іс-шаралар атқарылып жатқаны баяндалды.
Қаңтар оқиғасына байланысты тағы бір сот аяғына жетті. Судья Арман Жұмагелдиевке 20 жыл, Руслан Ысқақовқа 15 жыл 6 ай жаза кесті. Қазақстанды «Штрафстан» деп атауға тыйым салына ма? Көшеде тұрған теледидарды полиция алып кетті. Бәсекесіз сайлау. Александр Лукашенко қатарынан жетінші рет «жеңді».
27 қаңтарда Алматыда 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде "адам ұрлау", "билігін асыра пайдалану", "жаппай тәртіпсіздікке қатысу" қылмысты әрекеттерге қатысы бар деген айып тағылған 44 адамға сот үкімі шықты.
Ақ үйге келген үшінші күнінде АҚШ президенті Дональд Трамп Украинамен бейбіт келісімге ниет танытпаса, санкция шеңгелін қыса түсеміз деп Ресейді қорқыта сөйледі. Кремль бұған қалай жауап берді? Әрі қарай не болуы мүмкін?
Тағы