Пәкістандық белсенділер Ораза айт мейрамында ойыншық қаруларға қарсы акция өткізбек. Олардың бұл бастамасын ойыншық сататын дүкендер де қолдап отыр.
Қазақстанның солтүстігінен табылған, Google Maps сайты арқылы қарағанда көрінетін пентаграмма халықаралық ақпарат құралдарында біраз дау туғызды.
Қазақстан Францияға осы елде ұсталған оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовты экстрадициялау туралы өтініш жолдады.
Грузияның білім министрлігі мектеп мұғалімдерінің биылғы аттестация нәтижелерін жариялады. Мұғалімдер білімінің соншалық төмен екенін естігенде жұрт қайран қалды.
3 тамызда Мұхтар Әблязовтың отбасының жағдайымен танысу үшін Алматыға арнайы келген Италия парламентінің бес өкілі Алма Шалабаевамен кездесті.
Әзербайжан президенттігіне оппозиция ұсынған үміткер Рустам Ибрагимбеков еліне баруға кедергілер барын айтады. Оппозиция арасында оны алмастыруға дайын адамдар да жоқ емес.
Азаттық 29 шілде - 3 тамыз аралығында Қазақстанда және әлем елдерінде болған кейбір оқиғалар туралы апталық сурет баян ұсынады.
Армения Еуропа одағымен тығыз қарым-қатынас орнатарын әлде Ресеймен арадағы бұрынғы байланысты сақтап қаларын білмей жүр. Мәскеудің осындай сәттегі тосын қадамдары Ереванды Батысқа өзі итеретіндей көрінді.
Грузин әйелдері тұрмысқа шығатын бойжеткеннің «пәктігін тексеру» ғұрпына қарсы наразылық шарасын бастады.
Ресей астанасында 1 тамыз күні депортациялық лагерь ашылды. Полицияның рейдтері кезінде қолға түскен мигранттарды осында ұстайды.
Франция прокуратурасы қазақстандық оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовты экстрадициялау мәселесін қарап жатыр. Ал Алматы мен Астанадағы белсенділер оны Қазақстанға қайтармауды өтінді.
Иран 4 тамызда президентті ұлықтау рәсіміне келетін қонақтарды күтіп алуға дайындала бастады. Жергілікті БАҚ «оқиғаға халықаралық деңгейде назар аударылды» деп жазғанымен, VIP қонақтардың әуелгі тізімі шағын.
Америкалық жүзгіш, паралимпиада ойындарының жеңімпазы Элизавет Стоун өзін өмірге әкелген ата-анасы кім екенін және олардың неліктен балаларынан бас тартқанын жуықта ғана білді.
Шілденің 31-і күні Мұхтар Әблязовтың Францияда ұсталғаны туралы хабарға қатысты қазақстандық азаматтық қоғам өкілдері Азаттыққа пікір білдірді.
Соңғы жылдары Ресей көрші елдермен болған саяси жанжалдардан соң молдован шарабына, белорус сүтіне, грузин минералды суына тыйым салған. Мәскеу енді украин шоколодының сатылуына шек қойды.
Ирандық баспасөз құралдарының хабарлауынша, бір аптадан аз уақытта президенттік міндетінен босайтын Махмуд Ахмадинежад Тегеранда нанотехнология, әуеғарыш және ядролық ғылым университетін құрмақ.
Ресей азаматы, священник Петр Евтихеев (Софроний әкей) өзін Қазақстаннан депортациялау туралы шығарылған сот шешіміне апелляциялық шағым беретінін айтады.
Азаттыққа арнайы сұхбат берген АҚШ Жоғарғы сотының судьясы Елена Каган тәуелсіз сот жүйесінің ерекшеліктері туралы әңгімелеп берді.
АҚШ-тың бұрынғы құпия қызметкері Эдвард Сноуден Ресейден уақытша баспана сұрап, әуежайды паналап отыр. Азаттық Ресейден баспана алу процедурасын зерттеп көрді.
Азаттық 22-27 шілде аралығында Қазақстанда және әлем елдерінде болған кейбір оқиғалар туралы апталық сурет баян ұсынады.
Тағы