Құқық қорғаушылар Ресейде адам құқығын шектейтін заңдар қабылданып жатқанын айтады. Олардың сөзінше, қазір ол елде еркін ойлы азамат болу тиімді емес.
АҚШ профессорлары интернет арқылы онлайн-дәрістер оқып жүр. Әдетте оны «онлайн-курстар» дейді. Ал мамандар оны «оқу-ағарту төңкерісі» деп те айтады.
Қырғызстанның ресми өкілдері қуғындағы қазақ оппозициялық саясаткері, банкир Мұхтар Әблязовтың суреті жапсырылған «қырғыз паспортының» заңсыз жасалғанын айтады.
Өткен аптаның сурет баяны
2006 жылы Грузияның лауазымды шенеуніктері банкирді соққыға жығып, жаралы күйде далаға тастап кеткен. Осы қылмыстық істі бүркемелеу әрекеттері Михаил Саакашвили дәуіріне үлкен дақ түсірді.
Қырғыз студенті эммиграциядағы ирандықтар құрған оппозициялық «Муджахеддин-э Халк» ұйымының Париждегі демонстрациясына Прагадан қалай шақырылғанын еске алады.
Ислам Каримовтың сыртта жүрген еңбек мигранттарын «жалқау» деп күстаналап, «Өзбекстанда қайыршылар қалмады» деген мәлімдемесін естіген халық не жыларын, не күлерін білмеді.
Маусымның 27-сі күні Алматының орталығында жанармай таситын көлік апатынан шыққан өрт салдарынан бір адам қаза болып, бірнеше көлік пен көпқабатты үйді от шалған. Жұртшылық бұл оқиға туралы әлеуметтік желілерден хабардар болды.
Дэвид Кэмерон Қазақстанға ресми сапар шегетін алғашқы Ұлыбритания премьері болғалы тұр. Азаттық Лондон университетінің Орталық Азияны зерттеуші ғалымы Бавна Давемен сұхбаттасты.
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев үшінші рет сайлауға өзі түспей, билікті әйеліне өткізуі мүмкін деген ақпарат қоғамда түрлі пікір туғызды.
Грузияның бұрынғы премьер-министрі, «қызметтік лауазымын асыра пайдаланғаны үшін» сот үкімін күтіп түрмеде жатқан Вано Мерабишвили бірнеше талап қойып, қысқа мерзімге аштық жариялады.
Тәжікстанда футболшы ретінде карьера жасамақ болған бір топ нигериялық «делдалдар бізді алдап соқты» деп арызданып соттасып жатыр.
Мұндай қорытындыны әлемдік нарықты зерттеген ұлыбританиялық IWSR ұйымы жариялады. Ресми мәлімет бойынша Қазақстанда 200 мыңнан астам адам маскүнемдікке шалдыққан.
Татарстандағы көне Бұлғар қаласының орнында ашылған жаңа зерттеу орталығы аймақтың ертедегі өркениетін зерттеуге септігін тигізер деген үміт бар.
Өзбекстанның мәдениет және спорт министрлігі «талғамсыз поп-музыкаға», «отанын мадақтамайтын» эстрада әншілеріне тыйым салатынын мәлімдеді.
Ресейдегі Красноярск қаласы маңындағы 17 нөмірлі қатаң режим лагері. Илья Наймушиннің түрме ішінен түсірген суреттері.
Ауған қақтығысының негізгі үш кейіпкері – Ауғанстан, АҚШ және «Талибанның» Дохада бейбіт келісім жасауға байланысты өз талап-тілектері бар.
Ауғанстанның сайлау туралы заңына енгізілетін түзетуде провинциялық және жергілікті кеңестердегі орынның ширек бөлігі әйелдерге арналуы тиіс деген шарт жоғалып кеткен.
BBC әлемдегі азық-түлік жетіспеушілігіне байланысты «15 секунд сайын бір бала аштан өледі» деген мәліметті зерттеген. Ал Daily Telegraph Ұлыбритания балаларын интернеттен құтқару мәселесін қозғайды.
Әзербайжан оппозициясы Әлиевтің үшінші президенттік мерзімге сайлануына тосқауыл болуды ойлайды. Бірақ оппозиция қаржы мен саяси ресурстарын біріктіре ала ма?
Тағы